Сауд Арабиясы Патшалығы Туризм министрлігімен Меморандумға қол қойды

    Туризм 22 Avgust 2022 1570

    Өзбекстан Республикасының Туризм және мәдени мұра министрлігі мен Сауд Арабиясы Патшалығының Туризм министрлігі арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік Меморандумға қол қойды.

    Туризм саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастарды қолдап-қуаттау, теңдік, өзара құрмет қағидаларына негізделген аталмыш Меморандумда төмендегілерге келісіп алынды:

    - өзара саяхатшыларр ағынын 100 мың адамға дейін жеткізу;

    - саяхатшыларды тарту үшін өзара мәдени, өркениеттік және тарихи мұраларды пайдалануға насихаттау;

    - барлық туристік бағыттарды одан әрі дамыту және жаңа туристік бағыттарды ашу бойынша өзара келісілген іс-шараларды жүзеге асыру топтар мен индивидуалды туризмнің әртүрлі түрлерін кеңейту;

    - табиғи ресурстар мен мәдени құндылықтарды туристік көркем жерлер ретінде сақтау;

    - қонақүйлерді, туристік курорттарды және саяхатшыларды орналастыру нысандарын олардың тиімділігін тексеру механизмдерін белсенді басқару;

    - туристік шаралар мен саяхаттарды ұйымдастыру;

    - туризмді дамытуға инвестиция салу;

    - шағын және орта туристік ұйымдарды, туристік сайттарды дамыту.

    Сондай-ақ, құжатқа сәйкес, тараптар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалармен, фильмдермен және туристік экспонаттармен алмасады. Туризмге маманданған сарапшылар мен БАҚ өкілдері үшін өзара сапарлар ұйымдастырылады.

    Меморандумда бірлескен туристік қызметі ұйымдастыру, екі елде ұйымдастырылатын көрмеге, конференциялар мен симпозиумдарға қатысуды да көздейді, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.

    Сонымен қатар, келесі бағыттар бойынша дәйекті ынтымақтастық жолға қойылды:

    - туризмге мамандандырылған оқу орындарын ұйымдастыру;

    - туризм саласындағы өзара мамандарды алмасу;

    - туризмге қатысты халықаралық форумдарда өзара ынтымақтастық жасау мен бірін-бірі қолдап-қуаттау.

    Естеріңізге сала кетейік, Туризм және мәдени мұра министрлігі бұған дейін Түркіменстан, Әзербайжан, Израиль, Тәжікстан, тағы басқа да елдермен туризм саласында түрлі келісімдерге қол қойған болатын.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates