Мәжілістің күн тәртiбiне сәйкес, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлиси Заң шығару палатасының депутаттары, халық депутаттары облыстық, аудандық және қалалық Кеңестерi депутаттары сайлауға қатысты сайлау бюллетеньдердiң формасын, мәтiнiн және сипаттамасын бекiту туралы мәселе қаралып, тиісті қаулы қабылданды.
Жиналыста атап өтілгендей, биылғы сайлаулардағы бюллетеньдер мүлдем жаңа формада бекітілді. Бұл сайлау бюллетеньдердің жинақылығы бюллетеньді басып шығаруға кететін шығындарды кемінде 3 миллиард сумға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, әрбір сайлау түрі бойынша бюллетеньдердің түсі де түрліше, яғни, Заң шығару палатасының бір мандатты сайлау округі бойынша сайлау бюллетені ашық көк түсте, бірыңғай сайлау округі бойынша – ашық жасыл түсте, халық депутаттарының облыстық және Ташкент қалалық Кеңесінің сайлауы бойынша сайлау бюллетені ашық-сары түсте, халық депутаттарының аудандық, қалалық Кеңесінің сайлауы бойынша бюллетені ашық сұр түспен белгіленген. Дәл осындай тәртіпте дауыстарды санау нәтижелерін анықтау туралы хаттамалар және бюллетеньдердің түсіне лайықты түрде басып шығарылатыны атап өтілді.
Бұл ретте, сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелерін есептеу алгоритмдері хронометражға қойылған кезде учаскелік сайлау комиссиясының жұмыс көлемі мен нәтижелерді анықтауға кететін уақыттың қысқарғаны байқалды.
Атап айтқанда, бұрынғы сайлауларда дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін учаскелік сайлау комиссиялары орта есеппен 4 сағат жұмсаса, жаңа формадағы сайлау бюллетеньдерінің енгізілуі осы уақытты кемінде 1 сағатқа дейін қысқартады, ал бүкіл республика бойынша комиссиялардың кемінде 11 мың сағатқа дейін уақытын үнемдеу мүмкіндігін береді.
Осының нәтижесінде өткен сайлаудағы учаскелік сайлау комиссиялардың орташа 11-ге жуық мүше саны биыл орташа 10-ға дейін, яғни республика бойынша 2,1 мыңға дейін қысқартылып, оларға жұмсалған 2 миллиард сум көлеміндегі өтемақы төлемдері үнемделді.
Сонымен қатар, сайлау бюллетеньдердің ықшам көлемі мен түрлі-түсті басып шығарылуы сайлаушылар үшін де қолайлылық жасалып, бюллетеньдерді бір-бірінен бөліп алу және оларды толтыру үдерістері одан әрі жеңілдетілді.
Қаулыда белгіленгендей,бір мандатты сайлау округтері бойынша Заң шығару палатасы депутаттығына үміткерлердің фамилиясы, аты мен атасының аты саулау бюллетеніне, сайлау учаскесінде дауыстарды санап шығу нәтижелерi, сондай-ақ сайлау округтерi бойынша сайлау нәтижелерін анықтау туралы хаттамаларға латын жазуына негізделген өзбек әліппесінің тәртібінде енгізіледі.
Сондай-ақ, бірыңғай сайлау округі бойынша Заң шығару палатасының депутаттарын сайлауға қатысатын саяси партиялардың атаулары мен рәмізді белгісі сайлау бюллетеніне, сайлау учаскесінде дауыстарды санау нәтижелері мен аумақ бойынша сайлау нәтижелерін анықтау туралы хаттамаларға олардың сайлауға қатысуы үшін рұқсат етілген кезектегі тәртіпке сәйкес бірізділікпен енгізу белгілеп берілді, сонымен қатар:
біріншіден, Кәсіпкерлер мен бизнесмендер қозғалысы – Өзбекстан Либералдық-демократиялық партиясы;
екіншіден, Өзбекстанның «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы;
үшінші, Өзбекстанның Экологиялық партиясы;
төртіншіден, Өзбекстан Халық-демократиялық партиясы;
бесінші, Өзбекстан «Адолат» социалды-демократиялық партиясы.
Бұдан тыс, Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен жергілікті Кеңестер сайлауына арналған сайлау бюллетеньдердің формасы мен мәтінінің үлгісі де бекітілді.
Сайлау бюллетеньдері Қарақалпақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және аумақтық сайлау комиссияларының берген мәліметтері бойынша сайлау округі (аумақ) бойынша сайлаушылар санын ескере отырып басып шығарылады, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.