Семинар жастар жетекшілері қызметін ұйымдастыру өзекті мәселелеріне арналды

    Ел назарында 28 Fevral 2022 1862

    Үстіміздегі жылдың 28 февралі күні Сенаттың Жастар, мәдениет және спорт мәселелері комитетінің ұйымдастыруымен «Махаллаларда жастармен жұмыс істеу жүйесін түбегейлі жақсартудағы халық депутаттары жергілікті Кеңестері тұрақты комиссияларының рөлі» тақырыбында онлайн семинар өтті.

    Семинарға сенаторлар, халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің жастар саясаты, әйел-қыздар және гендерлік теңдік мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының мүшелері, Кеңес хатшылығының меңгерушілері, Жастар істері агенттігінің жауапты қызметкерлері мен Жастар парламентінің мүшелері қатысты.

    Белгілі болғанындай, Өзбекстан Республикасы Президентінің 2022 жылдың 19 январындағы «Махаллаларда жастармен жұмыс істеу жүйесін түбегейлі жетілдіру іс-шаралары туралы» ПҚ-92-санды қаулысы негізінде республиканың әрбір махалласында (9309) «Жастар жетекшісі» лауазымы енгізілді.

    Сондай-ақ Жастар істері агенттігінің орталық аппаратының және облыстық, аудандық (қалалық) бөлімшелері құрылымына да өзгертулер енгізілді. Атап айтқанда, махаллаларда жастар жетекшілері қызметін үйлестіру, мониторинг жасау және әдістемелік жағынан қолдап-қуаттау мақсатында Жастар істері агенттігінің орталық аппаратында жаңа басқарма да құрылған.

    Облыстық және аудандық (қалалық) бөлімшелерінде тиісінше «Махалладағы жастар көшбасшыларымен жұмыс істеу» және «Махаллаларда жастармен жұмыс істеу», «Жастар дәптері» және «Жастар теңгерімін үйлестіру секциясы» қызметі жолға қойылды.

    Семинар барысында махалладағы жастар көшбасшысының негізгі міндеттері мен қызметі туралы толық ақпар берілді.

    Сенаторлар халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің мүшелері үшін ұсыныстар жасады.

    Атап айтқанда, махаллалардағы жастар жетекшілеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсету, Презденттің осы қаулысының орындалуына тиімді депутаттық бақылау орнату және олардың депутаттық өкілеттерінен пайдалана отырып, жетекшілерді қолдап-қуаттау бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ жергілікті жерлерге барып, жетекшілер қызметінің ұйымдастырылғанын үйрену, анықталған проблемалар мен кемшіліктерді сессияларда талқылап, олардың оң шешімін табуы бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеп, қажет болған жағдайда Сенаттың қарауына енгізу қажет.

    Сонымен қатар, жастар жетекшілерін Кеңестер тарапынан ұйымдастырылатын түрлі саяси-насихаттық іс-шараларға тарту, сондай-ақ олардың саяси сауаттылығын арттыру мақсатында семинарлар өткізу жөнінде ұсыныстар берілді.

    Шарада Жастар істері агенттігінің жауапты қызметкерлері мен жергілікті Кеңестердің Жастар саясаты, әйел-қыздар және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының мүшелері сөз сөйлеп, өзара ынтымақтастық жөнінде пікір алысты.

    Семинар соңында жастар көшбасшыларының қызметін ұйымдастыру және оларға практикалық көмек көрсету Сенаттың тұрақты назарында болатыны айтылды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates