Т.Нарбаева Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес ұлттық комиссиясы мен  Халықаралық еңбек ұйымы ынтымақтастығында ұйымдастырылған бұл шара Жаңа Өзбекстанда лайықты еңбек жағдайларын жасауда және тұрғындардың жұмысбастылығын қамтамасыз етуде  жаңа идеяларды жаратуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сұхбат барысында екі тарап арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны дамыту болашағы талқыланды.

Белгілі болғандай, Өзбекстанда соңғы жылдары Президент Ш.Мирзияевтың басшылығымен барлық салада жүзеге асырылған реформалар сияқты, еңбек қатынастары жүйесінде айтарлықтай өзгерістер болғаны, салада  институционалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық, заңдылық,  нормативтік және халықаралық стандарттарды енгізу бойынша көлемді әрі жүйелі істер жүзеге асырылды.

Халықаралық еңбек ұйымымен көпжақты ынтымақтастық жолға қойылды. Соңғы 10 жылда Өзбекстан мен Халықаралық еңбек ұйымы арасында мәжбүрлі еңбекке қарсы күресу, еңбек құқықтарының сақталуын бақылау және еңбек қатынастары саласында халықаралық стандарттарды енгізу бойынша нәтижелі жұмыс атқарды, дейді Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева.

Лайықты еңбек жағдайын дәйекті жетілдіру, бұл туралы халықаралық стандарттарды енгізу бойынша Өзбекстанның Халықаралық еңбек ұйымымен  2014-2016 жылдарға арналған  және  кейіншелік 2020 жылға дейін өзгертілген Өзбекстанда лайықты еңбек  бағдарламасында белгіленген үстем міндеттердің атқарылуы толық қамтамасыз етілгені айтылды.

2021 жылдың сентябрь айында Өзбекстанда лайықты еңбек бойынша  2021-2025 жылдарға арналған  жаңа ел бағдарламасының қабылданғаны  Өзбекстан мен Халықаралық еңбек ұйымы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жаңа басқышқа әкелетіні атап өтілді.

Х.Коллер Өзбекстанмен көпқырлы ынтымақтастықты жалғастыру Өзбекстанның аймақта бірінші болып БҰҰ-ның Тұрақтылықты дамыту бойынша ынтымақтастық жасау бағдарламасымен толық сай келетін Лайықты еңбек бойынша жаңа мемлекет бағдарламасының қабылданғанын және оның жүзеге асырылуы толық қолдап-қуатталғанын тілге тиек етті.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.