Шанхай Ынтымақтастық Ұйымындағы «Самарқант рухы»

    Туризм 26 Iyul 2022 2962

    Өзбекстан Президентінің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) саммитін жоғары деңгейде өткізуге қатысты тапсырмасына сәйкес Туризм және Мәдени мұра министрлігі тарапынан Самарқант қаласында суретшілер үшін пленер ұйымдастырылды. Оған қатысу үшін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерден белгілі суретшілер келді.

    «Пленерде суретшілердің екі апта бойы Өзбекстанның көрікті орындарын бейнелеуі жоспарланған. Самарқантта суретшілер Әмір Темір кесенесі, Регистан ансамблі, Бибіханым медресесі, Хазірет Хизр мешіті, Шахи Зинда кешені, Сиеб базары мен «Жібек жолы» халықаралық туризмі мен мәдени мұра университеті сияқты «шақыру хатына» айналған орындардың суретін қағаз бетіне түсіріп жатыр. Сонымен қатар олар Афросиёб мұражайы, Самарқант мемлекеттік қорығы, Өлкетану мұражайы сияқты мәдени мұра нысандарының бейнесін салуда», — дейді Премьер-министрдің орынбасары, Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов.

    Өзбекстан өнер мұражайының директоры Васила Файзиева бұл пленер маңызды оқиға екенін атап өтті.

    Мұндай халықаралық пленер Өзбекстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Ондағы мақсат – сентябрь айында жоспарланған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің саммитіне және осы саммит аясында өтетін көрмеге дайындық жасау.

    Қазіргі таңда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше барлық елдердің ең танымал суретшілері Өзбекстанға келді. Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Пәкістан, Иран және Қытайдан келген шебер қыл қалам шеберлері өз картиналарында Өзбекстанның мәдени мұрасы мен Самарқанттың рухын бейнелеуде. Суретшілер бұдан тыс, Бұхараға да саяхаттау мүмкіндігіне ие болды.

    «Бүгінде 24 суретші ең танымал жерлерде жұмыс істеп жатыр, тағы осынша суретші август айының басында Өзбекстанға барады», — деді ол.

    Айта кету керек, Самарқантта өткізілген Бүкіләлем қауымдастығының «Өзбекстанның мәдени мұрасы – жаңа Ренессанстың іргетасы» атты VI Халықаралық конгресінің қонақтары, сондай-ақ шетелдік сарапшылар пленерге келіп, суретшілердің шығармашылық үлгілерін тамашалады.

    Бұл пленер бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялануда.

    Ақпарат үшін, ШЫҰ шарасы аяқталысымен ШЫҰ саммиті алаңында картиналар көрмесі өткізіледі.

    Сонымен қатар, ШЫҰ-ның ресми сайтында «Өзбекстанның 100 күні» жобасы іске қосылды, соған сәйкес Саммит басталатын күн, яғни 2022 жылғы 16 сентябрьге дейін тұрақты түрде еліміздің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және табиғат көріністеріне арналған жаңа фотосуреттер орналастырылады, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates