Өзбекстанның әлеуметтік саясаты әрбір махаллаға енуі мен халықтың мұң-мұқтажын шешуге бағытталған. Қаршы ауданындағы Жаңа Батош сахалласында инфрақұрылым жүйелі түрде дамып келеді. 2021 жылы құрылған аудан болғандықтан мұнда мектеп болған жоқ еді. 500-ден астам ұл мен қыз 10 шақырым жердегі мектепте оқыды.
Жақында мұнда жаңа мектеп салынып бітті. Президент ауданды аралау барысында осы мекеменіде келіп көрді.
Мектеп 660 орындық болып, мұнда отыздан астам оқу бөлмесі, кітапхана, белсенділер залы, асхана, STEM зертханасы, компьютерлік бөлме, кәсіптік бағдар беру ьөлмелері бар. Ашық және жабық спорт алаңы мен қозғалыс қауіпсіздігі жолақтары орнатылған.
Жастарға кем дегенде екі шет тілін және бір заманауи кәсіпке үйрету Өзбекстандағы мектепте білім берудің басты бағыты ретінде айқындалғаны белгілі. Жаңа мектепте бұл үшін жағдай жасалған. Арнайы жабдықталған кабинеттерде оқушылар тігіншілік, зергерлік өнер, аспаздық, шаштараз, электротехника, компьютер және ұялы телефондарға қызмет көрсету, робот техникасының қыр-сырын меңгереді.
Мемлекет басшысы оқушылармен тілдесті.
– Оқушылардың мектептен шет тілін, кәсіпті меңгеруіне жағдай жасап жатырмыз. 11-сынып өмір жолы сыныбы болады. Әрбір жас осылай оқып, қоғамда өз орнын тапса, Өзбекстанның іргетасы берік болады, – деді Шавкат Мирзияев.
Президент осында Қашқадариядан келген ұстаздармен сұхбаттасты.
- Әрбір реформада, шешім қабылдауда ұстаздар көз алдымда тұрады. Жасыратыны жоқ, балалар үш ай бойы мақтаға шығарылған. Бір ғана Қашқадарияда 155 мың мектеп орны жетіспейтін. Бұл мақсатқа облысқа 1 трлн бөлінді және 215 мектеп салынды. Бүгінде Қашқадария мектеп саны бойынша республикада бірінші орында тұр. Мұғалімдердің жалақысы да көтерілді. Әрине, біз бұларды тағы да жалғастырамыз. Бірақ бастысы - сапа. Бұл ең алдымен ұстаздардың біліміне, дүниетанымына, жан-жақтылығына байланысты, - деді Мемлекет басшысы.
Кездесуде педагогтар өз жұмыстарына тоқталып, өз пікірлері және ұсыныстарын білдірді.