Сырдарияның медициналық мекемелерінде 14 мамандандырылған бөлімдердің қызметі жолға қойылған

    Денсаулық 15 Noyabr 2022 2029

    Республикалық мамандандырылған кардиология ғылыми-іс жүзіндік медициналық орталығы Сырдария аумақтық филиалына Германиядан жалпы құны 4,5 миллиард сум тұратын әмбебап Ангиограф Siemens Artis 1 аппаратын әкелді.

    Осы заманалық медициналық құрылғының көмегімен жүректің тәждік қан тамырларындағы патологиялық өзгерістерді жоюға, емдеуге, нақтама қоюға және емдеуге болады.

    Сонымен қатар, Республикалық мамандандырылған онкология және радиология ғылыми-іс жүзіндік медициналық орталығы Сырдария облыстық филиалына Чехия мемлекетінен әкелінген 1 миллион 400 мың доллар тұратын «Кобальт-80» маркалы гамма-сәулелі терапия аппараты және басқа да 16 түрдегі медициналық құрал-жабдықтар онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу мен нақтама қоюға көмектеседі.

    Облыстық перинаталды орталыққа әкілнген 7 түрдегі ең заманалық, жоғары технологиялық мүмкіндіктерге ие «My Lab» маркадағы көп функциялы УДС аппараты, балалар мен үлкендер үшін жасанды тыныс алу аппараты, механикалық операция үстелі, операциялық бөлмелерге арналған галогендік лампа, электро генератор-коагулятор, ЭКГ функциялық дефибриллятор маниторингімен, вакумды сорғыш аппараты, қатты және жұмсақ мебельдер аналар мен балаларға үлгілі медициналық қызмет көрсетуде.

    Медициналық қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру, мамандандырылған медициналық қызметтерді халыққа жақындату мақсатында Сырдариядағы медцналық мекемелерінде 14 мамандандырылған бөлімдер жұмысын бастады.

    Гүлістан қаласында кардиоревматология және неврология, Жаңажер қаласында кардиология, урология және неврология, нефрология және гемодиализ, Байауыт және Гүлістан аудандарында кардиология, Ақалтын және Сырдария аудандарында ауданаралық қосыша жарақаттары және өткір жүрек қан тамыр аурулары орталығы, травматология, кардиология, урология, эндокринология, лор, травматология және Хауас ауданында эндокринология бөлімдері ашылды, ал 2020-2021 жылдары пульмонология және фтизиатрия, педиатрия, кардиология, онкология және радиология, хирургия, урология, терапия, аллергология, эпидемиология, микробиология және жұқпалы паразиттік аурулар, акушерлік және гинекология, косметология және дермато-венерология және норкология салалары бойынша Республиканың мамандырылған ғылыми-іс жүзіндік медициналық орталықтары филиалдарының қызметі жолға қойылды.

    Өзбекстан Республикасын одан әрі дамуының Әрекеттер стратегиясында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде атқарылып жатқан мұндай өзгерістер Сырдарияда да медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтып, жоғары технологиялық хирургиялық тәжірибелерді қажет ететін емдеу әдістерді салаға енгізу мүмкіндігін беруде.

    Бұл ұзақ жылдар бойы қиналып, емделемін деп үміттенген адамға салауатты өмір сыйлауға қызмет етеді.

    Ғулам Примов,

    Сырдария облысының

    Денсаулық сақтау басқармасының

    баспасөз хатшысы.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates