Сырдарияда алғаш рет қызыл өңешке лапароскопиялық ота жасалды

    Денсаулық 13 Sentabr 2023 1161

    Гүлістан медициналық кластерінде алғаш рет сырдариялық хирургтар лапароскопиялық әдіспен қызыл өңеш диафрагма тесік грыжасына байланысты жоғары технологиялық хирургиялық ота жасады.

    Осы уақытқа дейін аурудың бұл түрі дәстүрлі әдіспен ашық тілік арқылы жасалса, аз инвазивті лапароскопиялық әдістегі оталар Академик В.Вахидов атындағы республикалық мамандандырылған хирургиялық ғылыми-тәжірибелік медициналық орталықта және басқа да мамандандырылған орталықтарда және шет елдерде жасалып келген.

    —Гүлстан медициналық кластерде бүгінге дейін лапароскопиялық холецистэктомия, бүйректегі кистэктомия, аппендэктомия, әйелдерде аналық без кистэктомиясы, жатыр түтіктерін ашуға байланысты 3000-нан астам оталар жасағанбыз, - дейді Гүлістан медициналық кластерінің хирургі, жоғары санатты хирург-лапароскоп Акмал Уролов. – Дегенмен, қызылөңеш диафрагмасының грыжасына байланысты лапароскопиялық ота бірінші рет.

    Біздің жетістігіміз, Әзербайжан елінде екі айлық біліктілік кусы, Академик В.Вахидов атындағы республикалық мамандандырылған хирургиялық ғылыми-тәжірибелік медицина орталығында, сол жердегі ұстаздардан үйренген тәжірибе осы түрдегі оталарды, олардың қатысуынсыз Гүлістан медициналық кластерінің білікті мамандарының қамқорлығында тәуелсіз орындау мүмкіндігін берді.

    Ақалтындық науқас, 1958 жылы туған Адхамжон Олимов осы отадан кейін қызылөңешке байланысты ауруынан айығып, кекіруден, құсудан және күтпеген ауырсынудан толық жазылып шықты.

    Төрт жыл бойы түрлі медициналық емдеу мекемелеріне, халық емшілігіне барып емделген. Бірақ консервативті емдеу оған көмектеспеді. Жағдай ушығып кеткен шығар, бірақ жақсы жаққа қарай өзгермеген соң Гүлістан медициналық кластеріне және ондағы мамандарға жүгінді.

    Мамандар клиникалық және инструменталды тексеру жүргізіп, оған қызылөңеш диафрагмасы тесігінің грыжасы деген диагноз қойып, жоғары технологиялық, аз инвазивті, лапароскопиялық әдіспен жойылды.

    Қазір науқастың денсаулығы жақсы. Дәл қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында ем қабылдап жатыр.

    Сырдария аудандық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates