Сырдарияда жүректе туа біткен нұқсаны бар балаларға окклюдер қою жүзеге асырылады

    Денсаулық 28 Noyabr 2022 2500

    Сырдария облысында жүрек, жүрек қантамыр жүйесінде нұқсаны бар балаларды, әлеуметтік қорғауға мұқтаж балаларды және үлкен жастағы азаматтарды медициналық тексеруден өткізу ұйымдастырылды.

    Денсаулық акциясы аясында Республикалық мамандандырылған кардиология ғылыми-іс жүзіндік медициналық орталықтың Сырдария облысы аумақтық филиалында астаналық және сырдариялық білікті кардиологтар, кардиохирург, эндоваскулярлық хирургтар жүргізген медициналық тексеру барысында «Темір дәптерге», «Әйелдер дәптеріне» тіркелген азаматтардың перзенттері мен қарт азаматтардың денсаулығы тексерілді.

    Медициналық тексеруге облыстың әр аумақтарда тұратын 20-дан астам туа біткен жүрегінде нұқсаны бар бала мен 65-тен астам ересек адам жүгінген.

    Олардың денсаулығын тексергеннен соң 10 науқас балада туа біткен жүрек нұқсаны бар екені анықталып, жоғары технологиялық окклюдермен жауып, ем жасау қажет екені анықталды.

    Енді бұл балаларға жоғары технологиялы ота жасауды қажет ететін окклюдер қою операциясы, ал 33 ересек адамға стенттеу операциясын астаналық және сырдариялық эндоваскулярлық хирургтар Сырдарияда тегін, жеңілдікпен жасалып жатыр. Шығындар «Темір дәптерде», «Әйелдер дәптерінде», «Жастар дәптерінде» тұратын азаматтарға Мемлекеттік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен төленеді.

    —Үстіміздегі жылдың соңғы айларында 4 балаға осы түрдегі отаны жасадық, - дейді эндоваскулярлық хирург Хуршид Хакимов. — Бұл ретте бізге Республикалық мамандандырылған кардиология ғылыми- іс жүзіндік медициналық орталық пен Республикалық ұлттық балалар орталығының эндоваскулярлық хирургтары көмектесті.

    Ең қуанарлық жайт, Сырдарияда кардиология саласында эндоваскулярлық хирургия бөлімі ашылғаннан бері 500-ден астам ересек адам мен 4 балаға жүрек пен қан тамырларына байланысты эндоваскулярлық ота жасалды. Бұрын бұл ота түріне сырдариялық науқастар Ташкентке ғана емес, Үндістан мен Ресейге де баратын.

    Қазір тексеруден бастап, жоғары технологиялық хирургиялық оталарға дейінгі барлық ота Сырдарияда жасалады.

    Ғулом Примов,

    Сырдария облыстық

    Денсаулық сақтау басқармасының

    баспасөз хатшысы.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates