Саяси партиялардың өкілетті өкілдері тіркеуге алынды

    Ағымдағы жылдың 31 июлінде Орталық сайлау комиссиясының мәжілісінде саяси партиялардың өкілетті өкілдерін тіркеуге алуға қатысты мәселелер қаралды.

    Өзбекстан Республикасының Сайлау кодексіне сәйкес, депутаттыққа кандидаттар ұсынған саяси партия сайлау комиссиясының мәжілістерінде, құжаттарды тапсыруда, қол қойылған қағаздары дұрыс толтырылғандығын тексеруде, сайлау учаскесінде дауыстарды санау кезінде қатысу үшін өзінің өкілетті өкілін тағайындауға құқылы.

    Өкілетті өкілді тіркеуге алуда Орталық сайлау комиссиясы тарапынан бекітілген Саяси партияның өкілетті өкілі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Осыған орай, саяси партияның жоғарғы органының басшысы сайлау кампаниясының басталғаны туралы ресми жарияланған күннен бастап бес күн ішінде өзінің өкілетті өкілін тағайындайды және оны тіреуден өткізу үшін Орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарды ұсынады.

    Сондықтан, елімізде қызмет етіп жатқан саяси партиялардың басшылары өздерінің өкілетті өкілдерін тағайындап, оларды тіркеуден өткізу үшін алғаш рет «E-saylov» ақпараттық жүйесі арқылы ОСК-ға өтініш берді.

    Мәжілісте Кәсіпкерлер мен бизнесмендер қозғалысы – Өзбекстан либералдық-демократиялық партиясы, Өзбекстан «Адолат» социал-демократиялық партиясы, Өзбекстан Халық-демократиялық партиясы, Өзбекстан “Миллий тикланиш” демократиялық партиясы және Өзбекстан Экология партиясының басшылары ұсынған өкілдерді тіркеуге алу және оларға белгіленген түрдегі мандатты беру туралы қаулы қабылданды.

    Орталық сайлау комиссиясының тіркеуге алу үдерістері «E-saylov» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылды, ал өкілетті өкілдерге мандаттар электронды түрде жүйе арқылы берілді.

    Сол күні жиналыстан кейін өкілетті өкілдерге саяси партиялардың сайлауға қатысуын қолдап-қуаттайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған белгіленген үлгідегі қол қою парақтары тапсырылды, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

    Белгілі болғандай, саяси партия сайлау компаниясының басталғаны жарияланған күннен кемінде төрт ай бұрын Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі тарапынан тіркеуге алынған және өзінің саулауға қатысуын қолдайтын кемінде 40 мың сайлаушының қолын жинап, депутаттыққа кандидаттар ұсына алады. Бір әкімшілік-аумақтық құрылымда (Қарақалпақстан Республикасы, облыстық, Ташкент қаласы) саяси партия қырық мың сайлаушыдан ең көбі сегіз пайыз қол жинауы мүмкін.

    No date selected
    August 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates