Камералды тексерулерді өткізуде салық органдарының төмендегі құқықтары жойылады (ҚҚС сомасын өтеу (қайтаруда) жүргізілетін камералды тексерулерді қоспағанда):

- салық төлеушінің аумағына кіру;

- оның аумағы мен ғимараттарын тексеру;

- салық төлеушіден құжаттарды талап етіп алу және оны шақыру;

- құжаттар мен заттарды тәркілеу.

Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің ұлттық базасында жарияланған және 2024 жылғы 14 марттан күшіне енді, деп хабарлайды "Norma".