Салық және Кеден комитеттері тоқсан сайын Заң шығару палатасына есеп береді

    Қаржы 5 Yanvar 2024 1604

    Өзбекстан Республикасы Президенті тарапынан 2023 жылдың 29 декабрьдегі “Өзбекстан Республикасының “2024 жыл үшін Өзбекстан Республикасының Мемлекет бюджеті туралы” Заңның орындалуын қамтамасыз ету іс-шаралары туралы” ПҚ-442-санды Қаулыға қол қойылды.

    Құжатта 2024 жылы пайда салығы толығымен Өзбекстан Республикасының бюджетіне аударылатын ірі салық төлеушілер тізімі бекітілген. 2024 жылы тұрғын үй қорының жылжымайтын мүлік нысандарына, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелеріне қатысты:

    - 2018 жылы белгіленген кадастр құны негізінде есептелген жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық сомасы 2023 жыл үшін есептелген салық сомасының 1,3 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс;

    - жеке тұлғалардан өндірілетін ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер үшін жер салығының сомасы 2023 жылы есептелген салық сомасының 1,3 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

    Енді Заң шығару палатасының комитеттерінде:

    - әр алты айда бiрiншi дәрежедегі бюджет қаражаттарын бөлушiлердiң бюджет қаржыларын пайдалануға байланысты мақсатты индикаторлардың орындалуы туралы министрлiктер мен кеңселер басшыларының есеп беруi;

    - әр тоқсанның соңында Салық комитетінің, Кеден комитетінің және Мемлекеттік активтерді басқару агенттігінің Мемлекеттік бюджет табыстары болжамының орындалуы туралы есептерін тыңдау жолға қойылады.

    Республика меншігіндегі жарғылық қордағы (жарғылық капиталдағы) мемлекеттік үлесі 50% және одан көп болатын шаруашылық қоғамдары, сонымен қатар коммерциялық банктердің ( жергілікті билік органдары қарамағындағы қоғамдардан тыс) атқарушы органына төленетін ақы мен олардың ең жоғары мөлшерлерін белгілеу және қоғамның ұйымдық құрылымын бекіту белгіленген. Сонымен қатар оларға өзерту енгізу бойынша мәселелерді бақылау кеңесі тарапынан мақұлданған соң акционерлердің жалпы жиналысына кіргізу тәртібі енгізіледі.

    Құжат Заң құжаттары ақпараттары ұлттық базасында жарияланған және 2024 жылғы 29 декабрінен күшіне енді, деп хабарлайды "Norma".

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates