Субсидия: өтініш неге қаралмайды?

    Субсидия деген не екенін бәріміз жақсы білеміз. Сондай-ақ, субсидия беруге жауапты органдардың өкілдерінен құрылған арнайы комиссия өтініш берушілерге өлшемдер бойынша балл беретінінен де хабардармыз. Яғни, осы балдар негізінде өтініш берушіге субсидия бөлінеді немесе керісінше берілмейді. Сонымен, қандай жағдайларда өтініш берушінің өтініші қабылданбайды? Оған жол бермеу үшін қандай өлшемдер болу керек? Бүгін біз осылар туралы толығырақ тоқталмақпыз.

    Талапкер қандай өлшемдер бойынша үйреніледі?

    Өтініш берушінің өтінішін оның тұрақты тіркелген жеріндегі аудандық немесе қалалық комиссия қарайды:

    медициналық бiрлестiк - өтiнiш берушiнiң және оның отбасы мүшелерiнiң арасында ауыр созылмалы аурулары бар және Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен тiзiмге орай жеке бөлмеде жасауға мұқтаж болған тұлғалар, бiрiншi топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, жалғыз өзі мүгедектікке әкелетін ауруға шалдыққан баланы күтiп отырған аналардың болуы;

    ішкі істер бөлімі (басқарма) – өтініш берушінің басқа отбасылармен бір үйде (бір пәтерде) жасауын;

    қаржы бөлімі – берілген субсидиялардың көлемі бойынша бөлінген қаражаттың болуы;

    мемлекеттік салық инспекциясы – салық төлеушінің идентификация нөмірі, тұрғылықты жерде жалдау шарттары негізінде жасайтыны, өтініш берушінің және оның жақын туыстарының (өтініште көрсетілген жағдайларда) табыстары;

    тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы – өтініш берушінің табысы аз екені , «Еңбек – миграциясы» бағдарламасына тіркелуі және шетелде уақытша еңбек қызметін жүзеге асырып жатқанын (асырылғандығы);

    аудандық (қалалық) жерге орналастыру және жылжымайтын мүлік кадастры мемлекеттік кәсіпорны – өтініш берушінің, соның ішінде оның жұбайы мен балаларының мүліктік құқығы мен тұрғын үйдің бар-жоқтығы, жасау үшін жарамсыз жерде тұруы, тұрғын үйдің жалпы алаңының бір адам үшін заң құжаттарында көзделген әлеуметтік нормаға сәйкес еместігі;

    аудандық (қалалық) махалла және отбасын қолдап-қуаттау бөлімдері – өтініш берушінің ауыр әлеуметтік жағдайға түсіп қалған қыз-келіншектер, мүгедектігі бар, табысы аз, балаларын толық емес отбасында тәрбиелеп отырған және тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін аналар санатына жататынын;

    жастар істері агенттігінің аудандық (қалалық) бөлімі – өтініш берушінің ерекше үлгі болатын жас отбасылар санатына жататынын;

    аудандық (қалалық) әкімдік – өтініш берушінің жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жататынын;

    қатысатын коммерциялық банктер – өтініш беруші азамат (бірге қарыз алушының) бөлінетін ипотекалық несиесі бойынша төлем қабілеттілігін, оған бөлуге мүмкін болған ипотекалық несиенің және сатып алуға мүмкін болған тұрғын үйдің жоғары құнын, несие ұйымдарынан бұрын алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен қарызының жоқтығын растайды.

    «Жалақым аз болса ше?

    Бұл сұраққа жауап іздегендер назар аударыңыздар. Егер өтiнiш берушiнiң орташа айлық табысы көрсетiлген өлшемдерден аз болса, оның табысының есеп-қисабына жұбайының (күйеуі), бiр үйде бірге тұратын ата-анасының және балаларының (сонымен қатар, асырап алған балалары) немесе онымен бірге жасамайтын жақын туыстарының табысы да кіргізілуі мүмкін.

    Бұл ретте, өтініш берушінің орташа айлық табысы мөлшеріне жақын туыстарының орташа айлық табысы мөлшері қосылғанда және табыс мөлшері көрсетілген өлшемдерден асатын болса, оның тек жетпеген бөлігі ғана есепке алынады.

    Сонымен, жақын туыстар кімдер?

    Жақын туыстар дегенде өтініш берушінің ата-анасы, туысқан және өгей аға-інілері мен әпке-сіңлілері, күйеуі (әйелі), балалары, соның ішінде асырап алынғандар, ата-әжесі, немерелері, жұбайының ата-анасы жақын туыстары.

    Онлайн өтініш тапсырғандар қалай таңдап алынады?

    Бірыңғай интербелсенді мемлекеттік қызмет порталы (БИМҚП) (my.gov.uz) арқылы берілген өтініштер жауапты ұйымдардың үйреніп шығу нәтижелеріне орай енгізілген мәліметтер негізінде өтініш берушінің әлеуметтік өлшемдеріне үйлесімділігі автоматтандырылған жағдайда балдар көрінісінде бағаланады. Бағалау нәтижелері комиссияға өтініш берушінің қатысуымен талқылауға жіберіледі.

    Қандай жағдайларда субсидия беруден бас тартылады?

    а) қажетті құжаттарды толық ұсынбағанда;

    б) ұсынылған құжаттардағы мәліметтер әлеуметтік өлшемдерге сәйкес келмесе;

    в) ұсынылған құжаттарда қателік немесе жалған мәліметтер болса;

    г) өтінішті және тиісті құжаттар қабылдаудың соңғы күні біткеннен кейін тапсырылғанда;

    д) жауапты ұйымдардың қорытындысы бойынша жалпы 30 балдан төмен жинағанда;

    е) бұрын қалалық және ауылдық елдімекендерде қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы аясында жеңілдетілген ипотекалық несиелерді пайдалана отырып субсидия алған отбасы мүшелері (ерлі-зайыптылардың) қайта өтініш бергенде;
    ж) ағымдағы жылға бөлінген субсидиялар саны аяқталғанда;

    з) егер қатысушы банк тарапынан өтініш беруші азамат (бірге қарыз алушы) бөлінген ипотекалық қарыз бойынша қабілетсіз деп табылса;

    и) өтiнiш берушiнiң бұрын несиелік ұйымдардан алған қарыздары бойынша мерзiмi өткен берешегi болса;

    л) отбасылардың орташа айлық табысы:

    ауылдық жерлерде – Еңбекке ақы төлеудің ең төмен мөлшері (ЕАТЕТМ) 3,0 еседен кем және 6,9 еседен жоғары болғанда;

    қалаларда – ЕАТЕТМ-ның 3,0 еседен кем және 8,0 еседен жоғары болғанда;

    Ташкент қаласында – ЕАТЕТМ-ның 3,0 еседен кем және 9,2 еседен жоғары болғанда.

    Мәлімет ретінде ЕАТЕТМ -822 000 сумды құрайды.

    МҚА Самарқант облыстық басқармасының ақпараттық қызметі

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates