Осыған байланысты біз Ішкі істер министрлігінің Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметін жедел төмендегі шараларды көруге шақырамыз:

Біріншіден, осы кәсіпкерлік қызметпен айналысқан барлық субъектілердің соңғы апталардағы тіркеулерін тексеріп, құқықтық бағалау шараларын көру;

екіншіден, тексеру нәтижесінде ынсапсыз кәсіпкерлік әрекеттері арқылы өндірілген айыппұлдар анықталған жағдайда, оларды бекер ету және жүргізушілерге төлемдерді кәсіпкерлік есебінен қайтару;

үшіншіден, кәсіпкерлік субъектілерінің бақылау-камералары арқылы тіркелген айыппұлдарды бақылау тәртібінде тұрақты тексеру тәжірибесін енгізу;

төртіншіден, азаматтардың әділетсіз айыппұлдар туралы шағымдануындағы әуре-сарсаңынан қорғау мақсатында тіркеулерді онлайн режимде арыз беру мүмкіндігін жасау;

бесіншіден, барлық локациялардағы радар орнатылғандығы туралы белгілердің жанында шектелген жылдамдықты көрсететін белгілерін орнатуды міндетті ету;

Сондай-ақ, бұл жөніндегі қызмет туралы жұртшылыққа тұрақты түрде хабардар ету тәжірибесін жолға қою да орынды деп есептейміз.

 

Бобур Бекмуродов,

«Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының төрағасы.