Сыртқы істер министрінің орынбасары Еуропа Одағының Орталық Азиядағы арнайы өкілімен және терроризмге қарсы күрес бойынша үйлестірушісімен кездесті

    2023 жылғы 30 мамырда Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғайрат Фозилов Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Терхи Хакаламен, Еуропа Одағының терроризмге қарсы күрес бойынша кординаторы Илкка Салмимен кездесті.

    Өзбекстан мен Еуропа Одағы арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасылды. Терроризм, экстремизм, трансұлттық қылмыс және есірткінің заңсыз айналымы қаупімен күресу бағытында ынтымақтастықты кеңейту қажеттігі айтылды.

    Еуропа Одағы өкілдері Өзбекстанның азаматтарын, әсіресе әйелдер мен балаларды қақтығыс аймақтарынан қайтарып, қоғамға қайта бейімдеу тәжірибесін жоғары бағалады.

    Ауғанстандағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ауғанстандағы жағдайды реттеу бойынша тұрақты диалогты жалғастыруға өзара мүдделілік танытылды. Осыған байланысты тараптар үстіміздегі жылдың 26 майда Ашхабадта (Түркіменстан) Еуропа Одағы мен Орталық Азия елдерінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілдерінің төртінші кездесуін нәтижелі өткенін құптады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates