Сыртқы сауданы тарифті және тарифті емес реттеу жөніндегі кеңестің кезекті мәжілісі өтті

    Сыртқы сауданы тарифтік және тарифтик емес реттеу жөніндегі кеңестің кезектегі мәжілісі өтті

    Үстіміздегі жылдың 14 декабрінде Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратовтың басшылығында ИӨСМ құзырындағы тарифтік және тарифтік емес реттеу жөніндегі кеңестің кезекті жиналысы өтті.

    Кеңесті өткізудегі басты мақсат – жергілікті өндірістік кәсіпорындарды қорғауға және республикада жоғары қосылған құны бар өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемін арттыруға бағытталған ұсыныстарды қарау.

    Жиналыстың күн тәртібінде Кеңес мүшелері электртехника, ауыл шаруашылығының техникасы, металлургия, химия, азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдерінің импорты үшін кедендік төлем ставкаларын ішкі базардың барлық қатысушыларына әсерін есепке ала отырып оптималдандыру мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырылды.

    Жергілікті өнеркәсіп кәсіпорындарының қарқынды дамуына және өнім өндіру көлемін арттыру мақсатында оларды қажетті жағдай жасау және өнім көлемін ұлғайту мақсатында оларды қажетті қосалқы бөлшектермен, шикізатпен және материалдармен қамтамасыз ету барысында сауда тәртіп-қағидаларын оңтайландыру бойынша да қаулылар қабылданды.

    Экспорттық және сыртқы сауда қызметін жүзеге асыруға рұқсат алуға байланысты проблемалық мәселелерді жою бойынша ұсыныстар әзірлеуге ерекше назар аударылды.

    Кеңес жиналысының қорытындылары бойынша күн тәртібіне сәйкес қаралған мәселелер аясында практикалық ұсыныстар әзірлеу және қажетті іс-шараларды жүзеге асыру туралы қаулылар қабылданды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    January 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates