Жаңа заманалық автокөліктерді Сырдария облыстық әкімінің міндетін атқарушы Акмалжон Махмудалиев табыс етті.
Пайдалануға берілген бұл жедел жәрдем көліктері заманалық, барлық қолайлылықтарға, сондай-ақ жоғары техникалық көрсеткішке ие екені, жүру жылдамды жоғары және ықшамдылығымен басқа осы түрдегі автомашналардан бөлініп тұрады. Бұл жедел жәрдем бригадаларының жұмысын жеңілдетіп, халыққа көрсетілетін жедел медициналық қызметтің сапасын арттырары сөзсіз.
—Тұрғындарға жедел медициналық жәрдем көрсету заманалық медицинаның маңызды бағыты екенін білесіздер», - дейді Сырдария облыстық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Олимжон Бекмуродов. – Өткен жылы Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен жедел медициналық жәрдем қызметін жетілдіру мәселелері жөніндегі бейнеселектор жналысында осы жүйенің жұмысын дұрыс жолға қою, материалдық-технкалық базасын жақсарту, кадрлар әлеуетін арттыру, жүйедегі «Дамас» және басқа да ескірген техникаларды жаңа, заманалық, барлық қолайлылығы бар машиналарға ауыстыру айтылған. Міне бүгін Сырдария облысының 8 аудандық жедел медициналық жәрдем бөлімдеріне «Volkswagen Caddy» маркалы жедел медициналық жәрдем көліктері берілді. Ұсынылған жедел жәрдем көліктері халыққа жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету жүйесін одан әрі жетілдіруге және жақындатуға мүмкіндік береді.
Сырдария облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.