«Тұрғындардың денсаулығы – 2030» стратегиясы жобасына орай, бүгінгі таңда күрделі жөндеуден өткен 980 медициналық мекемесінде  кезең-кезеңмен құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Барлық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін отбасылық дәрігерлік амбулаториялар, емханалар мен ауруханалар күрделі жөндеуден өтіп, фильтрленген ауызсумен толық қамтамасыз етіледі.

Жедел жәрдем көліктерінің 50 пайызы электромобильдермен толықтырылады. Бұл ретте, 2024-2030 жылдар аралығында электромобильдерді сатып алу мерзімі белгіленеді.