Ташкент халықаралық әуежайын оптималдандыру істеріне Сингапур компаниясы ынтымақтастық жасайды

    Туризм 9 Iyun 2023 1888

    Үстіміздегі жылдың 8 июнінде Мәдениет және туризм министрлігінде Сингапурдың «Changi Airports International» компаниясы делегациясының өкілдерімен болашақ ынтымақтастық мәселелерін талқылауға арналған кездесу ұйымдастырылды.

    Сұхбатта Мәдениет және туризм министрінің бірінші орынбасары Улуғбек Азамов, «Uzbekistan Airports» АҚ басқару төрағасы Рано Жураева және “Changi Airports International” компаниясының делегация өкілдері қатысты.

    Ақпарат үшін, Сингапурдың “Чанги” әуежайы 1981 жылы салынып, 30 жыл ішінде жыл сайынғы жолаушылар тасымалы 8 миллионнан 60 миллионға дейін өсті. Әуежайдың жұмысы бүкіл әлем әуежайларынан консалтинг қызметтеріне көптеген сұрақтарға себеп болған, “Changi Airports International” авиациялық консалтингтік қызметтерді, жобаларды басқару және жаһандық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған.

    2023 жылдың 24 майында Сингапур Президенті Халима Якубтың Өзбекстанға сапары қарсаңында өткен Өзбекстан-Сингапур бизнес-форумы аясында «Uzbekistan Airports» АҚ мен “Changi Airports International” компаниясы арасында ынтымақтастық бойынша келісімшартқа қол қойылды.

    Ынтымақтастық туралы келісімшарт аясында Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайының жұмысын оптималдандыру, сонымен қатар жолаушыларға қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыру, озық технологияларды енгізу және жолаушылар ағынын арттыру, сондай-ақ жаңа Ташкент халықаралық әуежайы жобасының техникалық-экономикалық негізін әзірлеу туралы ынтымақтастық жасауда.

    Кездесуде “Changi Airports International” компаниясының делегация өкілдері алдымен республикамыздың туристік әлеуеті, саяхат саласында жүргізіліп жатқан реформалар, сонымен қатар Өзбекстанда енгізілген «ашық есіктер» саясатына байланысты соңғы жылдарда визасыз елдер саны 9-дан 91-ге дейін өскендігі және авуиация саласында ұсынылған жеңілдіктер туралы толық ақпарат берілді.

    Келіссөздер барысында шетелдік тарап Өзбекстан базарын зерделу бойынша жүргізіліп жатқан үдерістер, сондай-ақ қазіргі Ташкент халықаралық әуежайын оптималдандыру туралы жоспарларды мәлімдеді.

    Кездесу соңында тараптар талқыланған барлық уағдаластықтарды өмірге енгізуді жеделдету бойынша сатылай біріккен іс-әрекеттер әзірлеуге келісті, деп хабарлайды Мәдениет және туризм министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates