Ташкентте өткен «IT Park Rewind 2022» шарасында mGovAward байқауының жеңімпаздары марапатталды

    Іс-шаралар 26 Iyul 2022 2413

    Ағымдағы жылдың 24 июлінде «Astrum» IT академиясында «IT Park Rewind 2022» шарасы өтті.

    Шараға Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов, Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-министрі аппаратының өкілдері, министрліктер мен кеңселердің басшылары, серіктестер мен резиденттер қатысты.

    «IT Park Rewind 2022» көрмесін Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов құттықтау сөзімен ашты.

    Соңғы бірнеше жыл ішінде Өзбекстанның АКТсаласында үлкен өзгерістер болғанын айтып, саланың дамуында ІТ-парктің рөлі жоғары екенін атап өтті.

    АКТ министрі бүгінде кез келген мемлекет өркениетінің жоғарылауы тікелей адам капиталына және мемлекет ішінде тұлғаның өзін-өзі тану мүмкіндіктеріне байланысты екенін айтты. Жастар өз дарынын жүзеге асыру және көрсету үшін «Бір миллион өзбек бағдарламашылары» және mGovAward Республикалық байқаулар үлкен мүмкіндіктер есігін ашатынын айтты.

    Біріккен Араб Әмірліктерімен ынтымақтастықта жүзеге асырылып жатқан «Бір миллион өзбекс бағдарламашылары» жобасы аясында бүгінде 2,5 миллионнан астам өзбекстандық ұл-қыздар арнайы онлайн портал арқылы цифрлық дағдылар мен бағдарламалау негіздерін меңгеруде.

    Сондай-ақ, IT Park директоры шара қонақтарына ұйымның соңғы үш жылдағы жетістіктері туралы айтып, ВРО мектептері мен ВРО орталықтарының қызметі, IT аутсорсинг және IT-экспортының одан сайын артып келе жатқанын атап өтті.

    Өз кезегінде, «Plug and Play» корпоративтік ынтымақтастық және бизнесті дамыту бойынша менеджері Феликс Ламмерс Өзбекстанда өзінің өкілеттігінің ашылғанын хабарлады. Сондай-ақ компания өкілдері әлемдегі ең ірі стартап акселераторының қызметі, оларға инвестиция салатын стартаптарды іріктеу барысы, Өзбекстанда венчурлық инвестиция базарын дамыту үшін жасалған жағдайлар туралы әңгімеледі.

    Конференция аясында mGovAward байқауының жеңімпаздарын марапаттау және IT Park сыйлығын тапсыру салтанаты да өтті.

    mGovAward жас жеңімпаздарына сыйлықтарды АКТ министрі Шерзод Шерматов пен БАӘ мемлекеттік қызмет көрсету секторының басшысы Мухаммад Бин Таля табыс етті, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.

    Байқаудың қазылар алқасының қаулысымен жеңімпаздар жарияланды:

    1 орын – «Редактор» жобасы (білім саласы бойынша)

    2 орын – «Ekoportal» жобасы (экология және жасыл энергетика)

    3 орын – Lalu жобасы (денсаулық).

    Сондай-ақ, төмендегі ең белсенді серіктестер IT Park сыйлығын жеңіп алды:

    1. «Жылдың ең үздік IT жұмыс берушісі» аталымы – EPAM Systems
    2. «Жылдың ең үздік IT экспорттаушысы» аталымы - WEBSALE-DISTRIBUTION
    3. «Үздік IT инноваторы» аталымы – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ)
    4. «IT-білім берудегі ең үздік қатысушы» аталымы – PDP IT-ACADEMY
    5. «IT- өнеркәсіпті қолдаушы» аталымы – Юлия Яковлева, Exadel Uzbekistan директоры.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates