Ташкентте Самарқантта өткен ШЫҰ саммитінің қорытындыларын талқылауға арналған Халықаралық конференция басталды

    ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары қол қойған тұжырымдамалық (концептуал) құжаттар егжей-тегжейлі қаралады

    Бүгін Ташкент қаласында гибрид форматында «ШЫҰ-ның Самарқант саммиті: Аймақтық және халықаралық қауіпсіздік, тұрақты дамуға қосылған үлес» тақырыбына арналған халықаралық конференция өз жұмысын бастады.

    Шараны Өзбекстан Президенті жанындағы Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институты Сыртқы істер министрлігімен және Орталық Азия халықаралық институтымен (ОАХИ) өзара ынтымақтастықта ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқару комитетінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

    Конференцияға қатысушыларды Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Владимир Норов, ОАХИ директоры Эльдор Орипов, ОАХИ басшысы Анвар Носиров, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Григорий Логвинов, ШЫҰ АТҚҰ директоры Руслан Мирзаев құттықтады.

    Кездесуде конференцияға қатысушылар Самарқантта өткен ШЫҰ саммитін қорытындылау, ұйым аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда-экономикалық қарым-қатынасты жандандыру, көлік-логистикалық жүйедегі өзара байланыстылықты күшейту, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту сияқты мәселелерді талқылайды.

    Өзбекстан Президенті саммит аясында сөйлеген сөзінде жалпы қауіпсіздік пен өркендеу жолындағы Самарқант ынтымақтастығы бастамасына ерекше назар аударылады.

    Сарапшылар бұл бастаманың мәні мен маңыздылығы туралы жан-жақты пікір алмасады, идеяның іс жүзіндік мазмұнын байыту үшін ұсыныстар әзірленеді.

    Сонымен қатар, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары қол қойған тұжырымдамалық құжаттар егжей-тегжейлі қарастырылады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates