Сұхбат кезінде шетелдік компаниялардың өкілдері Өзбекстанда электромобильдерді зарядтау дүңгіршіктері желісін дамыту бойынша біріккен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.
Өз кезегінде, шетелдік компания өкілдеріне дәл қазір елімізде жүзеге асырылып жатқан жасыл энергияға сатылай өту реформалары, сондай-ақ электромобильдерге деген жоғары базар талабын ескере отырып, қуаттау дүнгіршектерін кеңейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттар берілді.
Ақпарат ретінде айта кетейік, «Total Energies» соңғы жылдары экологиялық таза энергия түрлерін пайдалануды белсенді түрде дамытып келе жатқан әлемдегі ең ірі мұнай-газ компанияларының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта ол әлемнің 130-дан астам елінде жұмыс істейді. Жиында компанияның Орталық Азия аймағындағы өкілеттігін Ташкентте ашуды жоспарлап отырғаны айтылды.
Бүгінгі таңда «Узбекнефтгаз» АҚ кендерде «Upstream» бағытында өндіруді дамыту және «Uzbekistan GTL» зауытында көмірсутектерді терең өңдеу бойынша «Downstream» сияқты жаңа болашағы жоғары жобаларды жүзеге асыруға назар аударып отыр.
Француз компаниясы «Ўзбекнефтгаз» АҚ мен жасыл энергетиканың жаңа жобаларын жүзеге асыруда ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.
Кездесу соңында біріккен жобалар бойынша жұмысты жалғастыру, сондай-ақ өзара түсіністік туралы меморандумға (MOU) қол қою мүмкіндіктерін одан әрі зерделеуге келісілді, деп хабарлайды «Узбекнефтгаз» АҚ баспасөз қызметі.