Оның айтуынша, техникалық-экономикалық негізделген (ТИА-ны) істеп шығу бойынша маңызды келісімге қол қойылуы бірқанша уақыт барысында дайындық көріліп “алғашқы және өте маңызды қадам” болды. Тараптар өз инвестициясымен кіріп, деталданған негізді істеп шығуға келісті.

"Келісімге қол қою барлық тараптарға практикалық қадамдарға көшуге мүмкіндік береді. Бұл ТИА-ны егжей-тегжейлі әзірлеуді, жер және геологияны зерттеу, трассировка, экономикалық және қаржылық талдауды қамтиды. Бұл бізге [жобаны] тек өзімізге ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастыққа көрсетуге және негіздеуге мүмкіндік береді", - деді Жасурбек Чориев.

Оның айтуынша, Иран мен Қара теңіз порттарына шығу мүмкіндігіне қарамастан Өзбекстан үшін теңізге баратын ең қысқа жол Трансауған дәлізі есептеліп, Пәкістандағы Карачи порттарына апаратын болады.

"Қазіргі таңда Оңтүстік Азиядан келетін жолақтар Транссібір магистралы, “Солтүстік ағым” немесе Сувайш каналы арқылы Қара теңізге өтіп, сол жерден ортаңғы дәліз арқылы бізге қайтуда. Жақында болған қақтығыс салдарынан Бандар-Аббос портының (Ирандағы) жабылуы логистикалық тізбектің қаншалықты әлсіз екенін тағы бір рет көрсетті. Біздің Президентіміз бұл бағытта дұрыс бағыт ұстанғанымызды айқын көрсеттіп берді”— деді транспорт министрі.

Көлік министрлігінің болжамы бойынша, теміржол құрылысының бірінші кезеңі жылына 3 миллион тоннаға жуық жүк тасымалдауға мүмкіндік береді. 2035-2040 жылдары бұл көрсеткіш 15-20 миллион тоннаға жетуі көзделуде. Министрдің орынбасары Өзбекстанның сыртқы базарға шығу мүмкіндігінің кеңеюіне байланысты бұл көрсеткіштердің артуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Келісімге қол қойылғаннан бері біз пікірлер, түсіндірулер және телефон қоңырауларын алып жатырмыз. Жобаның өзіне ғана емес, оны бірлесіп дамытуға да қызығушылық арта түскені анық", - деді ол.

"Біз арзанырақ әрі жылдамырақ жол туралы айтып отырмыз. Трансауған темір жолы арқылы Өзбекстанға үлкен базар ашылады. Бұл транзиттік жүктерді тасымалдауда да қосымша артықшылықтар береді. Егер Орталық Азияның басқа елдері де осы жобаны пайдаланса, олардың да мүмкіндіктері зор. Бұл теңіз порттарына апаратын ең қысқа жол. Дәліздің әлеуеті зор және біз үшін бұл стратегиялық ерекшелікке ие", - деп қосымша жасады министр орынбасары.

Қазіргі таңда Өзбекстаннан Карачи порттарына дейін мультимодальды дәліз арқылы автомобильмен жүк жеткізуге 35-40 күн уақытты қажет етеді.

"Бұл Ауғанстан, Өзбекстан және Пәкістан тасымалдаушылары қатысатын табиғи үдеріс. Сараптамаға сәйкес, жыл барысында шамамен 300 мың тонна жүк тасымалданса, қазір бұл көрсеткіш 1 миллионнан асты. Яғни, өсім өте қарқынды. Егер теміржол арқылы байланыстыратын болсақ, арзан жүк алуға мүмкіндік туады", - деді министрдің орынбасары.

Өзбекстан-Ауғанстан-Пәкістан темір жолын Термез-Найбабод-Майданшахр-Логар-Харлачи бағыты бойынша өткізу жоспарланған.

"Найбабад станциясы Хайратон мен Мазори-Шариф арасында орналасқан. Найбабодтан бағыт шығысқа бұрылып, Логар мен Харлачи арқылы өтіп, Пәкістанның теміржол желісіне қосылады. Пәкістан жағында Харлачиді Кухотпен байланыстыратын 143 шақырымдық учаске бар. Пәкістан қазір бұл учаскеде құрылыс жұмыстарын бастады.

Жол аяқталғаннан соң Пешавар, Лахор және Исламабадқа жақын боламыз. Содан кейін жол Мултон қаласына —үлкен орта орталыққа, ол жерден Карачиға апарады. Қазіргі уақытта Пәкістан осы бағыттардағы теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуда", - деді Чориев.

Өзбекстан темір жол құрылысын алты ай ішінде бастауы мүмкін, жобаны іске асыру мерзімі бес жылға созылуы мүмкін.

"Темір жол құрылысын бастамас бұрын біз тараптар арасында белгілі бір мерзімдерді белгіледік. Менің ойымша, бұл мерзімдер өте қысқа, бірақ оларда ауқымды жоспарлар бар - біз алты ай белгіледік. Әдетте мұндай жобаларды әзірлеуге бір-екі жыл қажет. Бірақ тараптардың оны тезірек жүзеге асыруына болған сенімін ескере отырып, үдерісті тездеткіміз келеді. Осы үдерістен соң ТИА-ны басқа елдерге таныстыруға, нақты болжам мен әлеуетті көрсететіп, қызығуын арттырып, жобаны бірлесіп жүзеге асыруға болады», - деді ол.