Осы байқау Туризмді дамыту ғылыми-зерттеу институты тарапынан Туризм комитеті және Өзбекстан География қоғамымен ынтымақтастықта ұйымдастырылды. Онда Өзбекстанда туризм саласын дамытуға қатысты ғылыми-инновациялық жобаларды ұсынатын студенттер таңдап алынды.

Байқауға еліміздің 35 жоғары оқу орнынан 150-ден астам студент қатысты. Қатысушылар туризмді цифрландыру, ішкі және халықаралық туризмді дамыту, туристік нысандарды жаңғырту, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу сияқты бағыттар бойынша жобаларын ұсынды.

Жеңімпаздарға Құрет грамоталары мен ақшалай сыйлықтарды Туризм комитеті төрағасының орынбасары С.Ниязов тапсырды.

 Байқау қорытындысы бойынша, 1-орынды Ташкент халықаралық химия университетінің Самарқант филиалының студенті Жавлон Рустамов «Байланыс көмегінде тарихи жерлер мен мәдениетті үйрену» жобасымен (Әбу Райхон Беруни атындағы виртуалды гид көмегінде) қолға кірітіп, 5 миллион сум ақшалай сылықпен марапатталды.

2-орын Ташкент мемлекеттік экономика университетінің магистранты Абдулқодирхужа Абдуллахужаевқа («Өзбекстан Республикасында халықаралық балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту» жобасы үшін) несіп етті және 3 миллион суммен марапатталды.

3-орынды Самарқант қаласындағы «Жібек жолы» халықаралық туризм университетінің магистранты Ксения Власова («Өзбекстанның ұлттық тарихи-мәдени мұражайын жаңғырту» жобасымен) иелеп, 2 миллион сумдық сыйлықты жеңіп алды, деп хабарлады Туризм комитетінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан бағалы естелік сыйлықтар да тапсырылды.