Саяхат Туризм және Мәдени мұра министрлігі тарапынан ішкі және зиярат туризмін дамыту, сондай-ақ жергілікті туристер мен туризм субъектілерін қолдап-қуаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Жоба барысында Нақшбандия тариқатының «Олтин Силсила» ислам ғұламаларының қасиетті орындары, олардың ғылыми мұрасы, ислам өркениетіне қосқан үлесі туралы насихат материалдары дайындалды.

Бұл үгіт-насихат материалдарына Сұрхандария облысы, Денау ауданындағы Қожа Алоуддин Аттор, Алтынсай ауданындағы Қожа Мухаммад Захид, Терміздегі Хаким ат-Термизи, Шерабад ауданындағы Абу Иса ат-Термизи зиярат орындары, Қашқадария облысының Китаб ауданындағы Қожа Мухаммад Дарвеш, Қожа Мухаммад Имканаги зияраттары және Шахрисабз қаласындағы Ақсарай кешені, Самарқант қаласындағы Хазіреті Хизр, Шохи Зинда, Регистон кешендері мен Имам ал-Бухари, Хужа Убайдуллох Ахрор, Имом ал-Мотуруди зияраттары, бұхара облысындағы 7 Пір зияраттары, Ташкент қаласындағы Хазіреті Имам кешені және Ташкент облысындағы Зеңгіата зияраттарында болып суретке алынды.

Жоба аясында Сердар Тунжер өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жүздеген түріктің Өзбекстанға барғысы келетінін білдірген бейнеүзінділерін де жариялады.

«Әлемнің түрлі жағажайларында демалуға болады, бірақ көңіліңіздің демалуы үшін Бұхараға келуіңіз керек», - деп жазды Сердар Тунжер.

Сондай-ақ, осы бейне материалдарды даярлау үдерісінде насихат тобы аймақтардағы жергілікті ғұламаларды да жұмылдырды. Бұдан тыс, Сұрхандария, Қашқадария, Самарқант, Бұхара, Ташкент облыстары мен Ташкент қаласының көрікті жерлері туралы қызықты мәліметтерді қамтитын, сахатшыларды қызықтыратын бейнематериалдар даярлады, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.