Сұхбат барысында «Klintek İnşaat ve Enerji» компаниясы өндіріп жатқан Ферғана облысында экологиялық таза технологияларды енгізу арқылы қалдықтарды қайта өңдеу бойынша ұйымдастыруды жоспарлап отырған кәсіпорынның жобалық ұсынысы талқыланды.

Бұл туралы Ферғана облысының әкімі басшылығындағы делегацияның  үстіміздегі жылдың февраль айында Түркияға сапары барысында және март айының соңында «Klintek İnşaat ve Enerji» компаниясы басшыларының Ферғанаға сапары аясында алғашқы ұсыныстары берілген.

Құны 170 миллион еуроны құрайтын кәсіпорын іске қосылса, облыста тәулігіне 2,5 мың тоннаға дейін қоқыстарды қайта өңдеу есебінен жыл сайын 50 МВт электр қуаты мен 25 мың тонна тыңайтқыш өндірілетін болады. Қоқыстардың үлкен бөлігі пайдаланатын бұйымдарға айналдырылады,сондай-ақ 600-ден астам жұмыс орны ашылады.

«Klintek İnşaat ve Enerji» компаниясының басшылары Мевлют Алдирмаз және Селим Баликчи кеше Ташкентте Республикалық энергетика және экология саласының жауапты өкілдерімен кездесіп, осы жобаның техникалық шарттарын қайта қарады. Бүгінгі сұхбатта түркиялық кәсіпкерлері қорытынды жобаны алдағы аптада ұсынатындарын айтты.

Осы жобаны тиімді жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық істері жалғастырылады, деп хабарлайды Ферғана облысы әкімдігнің баспасөз қызметі.