Министрлер Кабинетінің қаулысы жобасында Умра шараларын ұйымдастыру мен өткізуге қатысты жаңа тәртіптер белгіленді.

Үстіміздегі жылдың 9 октябрь күні Үкімет қаулысымен Дін істері бойынша комитет лицензиясының бірқатар талаптары мен шарттары жарияланды.

Яғни умра шараларын ұйымдастыруда 1 миллион долларды «Зиярат қорына» қор ретінде ұстауы шарт.

Қаулыда, сонымен қатар:

зияратшылардың топ басшылары етіп Өзбекстан мұсылмандары басқармасымен жасалған келісімшарт негізінде діни білімі мен біліктілігі бар маманды тағайындау;

туристік агенттік штатында діни (исламдық) білім бағыттары бойынша бір маманның болуы туралы мәлімет;

кәмелетке толмаған азаматтарға қызмет көрсетпеу; туроператорлар мен турагенттер арқылы өз қызметін жүзеге асырмау сияқты талаптар да белгіленген.

Сондай-ақ, жаңа құжатта:

Умра қызметтері Сауд Арабиясы Патшалығындағы серіктес ұйым арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес умра қызметін көрсету және олар көрсететін қызметтер үшін төлемдерді банк мекемелері арқылы жүзеге асыру;

зияратшыларға сапалы қызмет көрсету, атап айтқанда, дер кезінде медициналық қызмет көрсету;

халықаралық бағытта кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі бар, осы уақыт ішінде жолаушыларды тасымалдаудың халықаралық және ұлттық заңнамалық талаптарын бұзбаған авиакомпаниямен ынтымақтастық жасау;

зияратшыларды санаты 3 жұлдыздан кем емес қонақүйлерде орналастыру; Умра қызметін 3-ші елдер арқылы қызмет көрсетпеу сияқты басқа да бірқатар шарттар қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Умра зияратшыларын ескі лицензиялармен ұйымдастыру 2024 жылдың октябрь айына дейін белгіленген.