Ертең Өзбекстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек Ташкент, Самарқант, Жызақ, Сырдария облыстары мен Ферғана аңғары облыстарында ғана күннің екінші жартысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.
23 апрель сәрсенбі күні тек Ферғана аңғары облыстарында қысқа мерзімді күн күркіреп жаңбыр жаууы мүмкін.
24-25 апрель күндері республиканың барлық аймақтарында жауын-шашын болмайды.
Демалыс күндері байқалған салқын ауа райынан соң, осы аптада ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтілуде. Бүгін республикада ауа температурасы +20...+25 градус, жұмыс аптасының соңына қарай +25...+30 градус, солтүстік пен оңтүстік және шөлді аймақтарда кей жерлерде +31...+33 градус ыстық болады.
Жел аздап орташа жылдамдықпен соғады, 24-25 апрель кей жерлерде 13-18 м/с күшейеді.
21-22 апрель күндері республиканың тау бөктерінде және таулы аймақтарында су тасқыны болуы мүмкін.
Ташкентте бүгін кешке және ертең күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы +21...+24 градус болады.
23-25 апрель күндері жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы +25...+28 градусқа дейін көтеріледі.
Ауа температурасы түнде +12...+15 градус болады.
Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады.