Өзбекстан қор базары тарихындағы акциялардың жалпы құны бойынша ең ірі ИПО қрытындысы – «UzAuto Motors» АҚ акциялары «Ташкент» Республикалық қор биржасында бастапқы бұқаралық ұсыныстар (ИПO) арқылы орналастырылды.
Соңғы жылдары компанияның даму жолындағы іс-әрекеттері мен бірқатар жетістіктері инвестициялық ынтымақтастыққа жол ашты және қарым-қатынасты нығайтты.
Нәтижесінде «UzAuto Motors» АҚ-ның ИПO-ға шығуы Өзбекстан бағалы қағаздар базарына көптен күткен шындыққа айналды.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша компанияның 56,9 миллиард сумдық акциялары Республикалық қор биржасында орналастырылды, өзара бөлу бойынша 80% институционалдық инвесторларға (заңды тұлғаларға), ал қалған 20% жеке тұлғаларға дұрыс келді .
«UzAuto Motors» АҚ акцияларының алғаш рет бұқаралық орналастырылуы республикадағы жүзеге асырылып жатқан жекешелендіру және капитал базарын дамыту бойынша ірі мемлекеттік кәсіпорындар арасындағы алғашқы қадамы саналады.
Айта кету керек, «UzAuto Motors» АҚ «ИПO» коронавирус пандемиясы мен әлемдік экономикалық дағдарыстан кейін жергілікті қор базарында жүзеге асырылған алғашқы «ИПO» болып табылады. Бұл шындық жергілікті инвесторларды белсенділігін аттыруға және компанияның әлемдік қауымдастыққа экономикалық жақтама интеграциялануына оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Бұл туралы «UzAuto Motors» АҚ хабарлайды.