Жалпы қуаты 90 МВт болған электр станциясының іске қосылуымен жақын күндері GTL зауыты тек өзінің жұмыс істеуіне қажетті электр энергиясын өндіріп қана қоймай, ұлттық желіге қосымша 45 МВт көлемде электр энергиясын жеткізуге де кіріседі.
Қосымша өндіріс қуаттары «Шортан» газ-химия кешенін, «Шортан» мұнай-газ өндіретін басқармасы, сондай-ақ басқа да өндірістік және әлеуметтік нысандарды, соның ішінде тұрғынүйлер мен кәсіпорындарды электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
«Узбекнефтегаз» АҚ жұмыс тобының сапары барысында Басқарма Төрағасы ірі мұнай-газ кәсіпорындарын, оның ішінде газ кен орындарында орнатылған компрессорлық станцияларды GTL зауыты өндіретін электр энергиясы негізінде біртұтас автономды желіге қосу мүмкіндігін зерделеуді тапсырды.
Бұл қаулы Мемлекет басшысының энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыру және негізгі өндіріс орындарын, бірінші кезекте мұнай-газ өндіру нысандарын автономды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылады.
Айта кету керек, GTL зауытында өндірілетін электр энергиясын автономды өндіру экологиялық таза және технологиялық үдеріс кезінде пайда болатын артық бу есебінен жүзеге асырылады. Жалпы алғанда, GTL зауытында қуаты 90 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіретін екі бу турбиналық генератор орнатылған.