Кездесуде Өзбекстанның БҰҰ және оның институттары, атап айтқанда UNAMA-мен өзара ынтымақтастығының бүгінгі жағдайы мен даму болашақтары қаралды.

В.Норов БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына толық сәйкес келетін Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатқан кең көлемді реформалар туралы жан-жақты мәлімет берді.

Ауғанстандағы қазіргі жағдай туралы пікір алмасты. М.Потсел Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың Ауғанстан бойынша халықаралық конференция өткізу туралы бастамасын жоғары бағалады. Конференция Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсету және ел экономикасын қалпына келтіру бойынша халықаралық қауымдастықтың ортақ көзқарастарын дамытуға маңызды негіз болады.

Бұл реттегі конференцияда Өзбекстанның Ауғанстандағы жағдайды тәртіпке келтіруде маңызды және өзгермейтін рөлін тағы бір рет дәлелдеп, Өзбекстан тарапының Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық қайта қалпына келтіруге қосқан үлесі халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалғаны атап өтілді.

UNAMA басшысының айтуынша, Ташкент форумы әлем қауымдастығының негізгі  талаптарын ауған үкіметі тарапынан орындалуы бойынша нәтижелі халықаралық диалогты жолға қою үшін маңызды платформа болғанын тілге тиек етті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.