Владимир Норов Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысын қабылдады

    2022 жылғы 31 майда Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін уақытша атқарушы Владимир Норов елімізге жұмыс сапарымен келген Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Бағдад Амреев басшылығындағы делегацияны қабылдады.

    Кездесуде Өзбекстан мен ТМҰ арасындағы көпқырлы ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағы талқыланды.

    Өзбекстан мен Ұйым арасындағы экономикалық, сауда, көлік, кеден, туризм, құқық-насихаттау, мәдени-гуманитарлық салалардағы көпқырлы байланыстардың қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.

    ТМҰ-мен бірлесіп өткізілетін іс-шаралар кестесі, атап айтсақ, Жастар форумын (3-4 июнь, Бұхара ), «Қоқан хандығының түркі халықтарының мәдени мұрасын қалыптастырудағы және мемлекеттіліктің дамуындағы орны» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференцияны (8 –11 июнь, Қоқан), ауыл шаруашылығы министрлері жиналысы және Түркі агрофорумын (3-4 июль, Ташкент) ұйымдастыруға байланысты мәселелер қаралды.

    Ұйымның 2021 жылдың 12 ноябрінде Стамбул қаласында өткен саммитінде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың ТМҰ аясындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша алға қойған бастамаларын жүзеге асыру барысы туралы жан-жақты пікір алмасты.

    Үстіміздегі жылы Өзбекстанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының Бірінші саммитіне дайындық жасауға және оны өткізуге қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.

    Сұхбат барысында аумақтық және халықаралық күн тәртібіндегі кейбір мәселелер де талқыланды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates