Владимир Норов Жасыл өсу жаһандық институты Ассамблеясының төрағасымен кездесті

    Жасыл планета 24 Oktabr 2022 1810

    2022 жылғы 24 октябрінде «Орталық Азия – Корея Республикасы» 15- ынтымақтастық форумына қатысу үшін Сеул қаласына келген Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов Жасыл өсу жаһандық институтының (GGGI) Ассамблеясының төрағасы, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті.

    Кездесуде Өзбекстан мен Жасыл өсу жаһандық институты арасындағы ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы мен болашағы талқыланды.

    2022 жылдың февраль айында Өзбекстанда GGGI өкілеттігі қызметінің жолға қойылғаны климаттың өзгеруінің салдарын жеңіп өтудің, «жасыл» технологиялар мен «жасыл» экономиканы дамытудың, өнеркәсіп декарбонизация (көміртекті бейтараптылықты қамтамасыз ету) саласындағы халықаралық бағыттағы озық практикаларды игерудің, сондай-ақ Корея тәжірибесіне негізделген ынтымақтастыққа кең мүмкіндіктер ашудың маңыздылығы атап өтілді.

    Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA) мен GGGI арасындағы келісімге сәйкес, бүгінде құны 5,9 миллион доллар болатын «Арал теңізі апатының зардаптарын жою үшін Арал өңірін жасыл жолмен қалпына келтіру» жобасы жүзеге асырылуда. Осы ретте Аралбойында «жасыл» ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта тіктелетін энергия саласындағы жобалар әзірленуде.

    Өз кезегінде , Пан Ги Мун Орталық Азияның экологиялық проблемаларын жақсы білетінін, Арал теңізінде бірнеше рет болғанын және Арал теңізі тартылуының салдары туралы жеке өзі білетінін атап өтті.

    Сондай-ақ Өзбекстан Президенті ұсынған «Жасыл кеңістік» жалпыұлттық бастамасы, сондай-ақ Өзбекстанда қабылданған «Жасыл экономикаға көшу бойынша Әрекеттер стратегиясы» және қайта тіктелетін, сутегі энергетикасын дамыту бағдарламасына ерекше назар аударды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates