Халықаралық бақылаушы сайлаушылардың басым бөлігі әйелдер мен жастар құрағанын ерекше мойындады

    Сайлау 10 Iyul 2023 1665

    Үстіміздегі жылдың 10 июлінде Олий Мажлис Сенатының Жастар, мәдениет және спорт мәселелері комитеті төрағасының орынбасары Д. Ташмухамедова Австрия Парламенті Ұлттық кеңесінің депутаты, «Австрия-Орталық Азия» парламентаралық достық тобының төрағасы Эва Эрнст-Дзедзичпен кездесті.

    Кездесу барысында 9 июльде мерзімінен бұрын өткен Президент сайлауының үдерістері қызу талқыланды. Өз кезегінде, Эва Эрнст-Дзедзич еліміздегі президенттік сайлаудың сәтті өткенін айтып, дауыс беру күні ол Самарқант облысы мен Ташкент қаласындағы сайлау учаскелерінде болғанын, сайлаушылар көп екенін, олардың көпшілігі әйел-қыздар мен жастар құрайтынын тілге тиек етті.

    Д. Ташмухамедова Эва Эрнст-Дзедзичке Өзбекстандағы Президенттік сайлауға халықаралық байқаушы ретінде белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, кейінгі жылдары өзара құрмет пен достыққа негізделген Өзбекстан-Австрия қарым-қатынастары оң динамика көрсеткенін атап өтті.

    Кездесуде тараптар парламентаралық байланыстарды дамыту, білім, экономика, туризм және тағы басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелерге де назар аударды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates