Қытаймен былғары аяқ-киім және елтірі саласындағы ынтымақтастық жаңа бағыттарда дамитын болады

    Бизнес 14 Iyun 2022 1327

    Өзбекстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ф.Н.Арзиев пен «Узчармсаноат» бірлестігінің төрағасы Ф.А.Бобоев ортасында тұрақты түрде ұйымдастырылып жатқан онлайн кездесулерде екі ел арасында былғары және аяқ киім, елтірі саласындағы ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы,сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланып, алдағы жоспарлар бойынша келісті.

    Сондай-ақ кездесулерде Бірлестік пен Өзбекстанның Қытайдағы елшілігімен бірге еліміздегі шағын-өнеркәсіп және еркін экономикалық өнеркәсіп аймақтарында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды кеңейту, осы үдерістерге қытайлық инвесторларды белсенді тарту бойынша жол карталарын жасау бойынша жұмыс жүргізілуде.

    Бүгінгі таңда Өзбекстанда Қытай инвестицияның қатысуымен дайын аяқ киім және спорттық аяқ киім шығаруға мамандандырылған жалпы құны 35 миллион доллар болған 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Оның 23,5 миллион доллары қытайлық инвесторлардың тікелей инвестициясы.

    2022-2023 жылдары аталмыш мемлекетпен жалпы құны 32,6 миллион долларды құрайтын жасанды былғары, аяқ киім табандары, қалып пен картондар, дайын былғары, әйелдер аяқ-киімі, аяқ киім өндіруге бағытталған жобалар жүзеге асырылуда.

    Сонымен қатар, 2021 жылы былғары аяқ киім және елтірі саласындағы 30-дан астам кәсіпорндар тарапынан Қытай Халық Республикасына шамамен 61,0 миллион доллар өнімін экспортталса, ағымдағы жылдың январь-май айларында сол елге сала кәсіпорындардың экспорты 24,1 миллион долларды құрады.

    Бүгінде «Узчармсаноат» бірлестігі сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшілігімен бірқатар іс-шаралар белгіленді. Оның ішінде:

    1. Өзбекстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшілігімен ынтымақтастықта үстіміздегі жылғы 13-15 август күндері болып өтетін «Былғары, аяқ киім және материалдарының 26-Халықаралық көрмесіне» құрметті қонақ ретінде 72 шаршы метр жерде «Өзбекстан» былғары-аяқ киім өнеркәсібі ұлтық стендімен қатысу және сол арқылы саланың экспорттық әлеуетін көрсетіп, инвестициялық жобаларды ұсыну. Сондай-ақ Қытай базарында өзбек былғары өнімдерін кең көрсету мақсатында белгіленген ұлттық стандартқа сүйеніп стендтің дизайні, Өзбекстан-Қытай былғары өнеркәсібі форумы үшін «Ўзчармсаноат» бірлестігінің қатысушылары тізімі мен тұсаукесер материалдарының жеткізілуін ұйымдастыру.

    2. «Ўзчармсаноат» бірлестігі және ҚХР-ның былғары- аяқ киім өнеркәсібі бірлестігі (China Leather Industry Association) мен кездесу ұйымдастырып, өзара ынтымақтастық меморандумына қол қою.

    3. Өзбекстан мен Қытай Халық Республикасы арасында болып өтуі жоспарланған кезектегі Үкіметаралық комиссиясының алдағы сапарына жан-жақты дайындық көру.

    4. Тиісті іс-шараларды дер кезінде және тиімді ұйымдастыру мақсатында ай сайын бір рет былғары, аяқ киім және елтірі саласына арналған онлайн бейнеконференциялар сұхбаттарын өткізіп бару.

    Өзбекстан-Қытай арасындағы былғары және аяқ киім өнеркәсібінде кооперациялық байланыстарды дамыту, сыртқы сауда айналымын одан әрі арттыру мақсатында жаңа құралдар мен механизмдерді әзірлеу және енгізу туралы қаулылар қабылданды. Бұл өз кезегінде елдеріміз арасындағы өнеркәсіп пен сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі жандандыруға қызмет етеді, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates