Атап айтқанда, «Синьхуа» ақпарат агенттігі мен «Global Times» ақпарат-талдау баспасында осы тақырыпта жарияланған материалдарда Өзбекстанның Ауғанстанға  кезектегі 3 мың 700 тонна гуманитарлық көмек бергенін хабарлаған.

«Синьхуа» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы жүк 63 теміржол вагоны арқылы Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласына жеткізілген. Гуманитарлық көмектің жаңа партиясы экономикалық дағдарысты басынан өткізіп жатқан Ауғанстанның мұқтаж азаматтары арасында таратылатын азық-түлік, көмір және қысқы киімдерді қамтиды.

Ауғанстан уақытша үкіметі Сыртқы істер министрінің орынбасары Шер Аббос Станакзай бүкіл Ауғанстан халқының атынан Президент Шавкат Мирзияевқа осы қиын-қыстау кезеңде елге үнемі назар аударып, қолдау жасап, ынтымақтастық көрсеткені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды «Дунё» АА.

Қытай ақпарат құралы Шер Аббос Станакзай Ташкент пен Қабул арасындағы көптеген салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға шақырғанын айтқан. «Сонымен қатар, ол Өзбекстаннан әуежайлар, теміржолдар құруға және ауған жастарын оқытуға көмектесуін сұрады», - деп хабарлайды Қытай бұқаралық ақпарат құралдары.

«Ауғанстан  бүгін экономикалық дағдарыспен бетпе-бет келіп отыр, өйткені елдің шамамен 36 миллион тұрғынының  22 миллионнан астамы азық-түлік тапшылығымен жасауда. Жағдайды түзету үшін Ауғанстанның уақытша үкіметі халықаралық қауымдастықты гуманитарлық көмек көрсетуге шақыруда. Көптеген елдер, соның ішінде Өзбекстан, Қытай және т.б. елдер қажетті көмекті көрсетті», - деп жазды Global Times.