Сырдарияда тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын одан әрі жақсарту мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік медициналық мекемелермен бір мезгілде жекеменшік медициналық мекемелердің мүмкіндіктері кеңейіп, ауруды ерте анықтау, диагностикалау және емдеуде жаңа, заманауи, ең жоғары мүмкіндіктерге ие болған медициналық жабдықтар мен құрылғылардан қолданылуда.
2017 жылы облыстағы жекеншік медициналық мекемелердің саны 55 болса, бүгінде бұл мекемелердің саны 104 -ке, олардағы шипажайлардың саны 1200 -ге жетті.
Мемлекеттік медициналық мекемелердің бос тұрған нысандарын тиімді пайдалану, оның орнына мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары негізінде жекеменшік медициналық мекемелерді құру мақсатында Сырдария аудандық перинаталдық орталығының бос тұрған ескі гинекологиялық бөлімі ғимараты «Доктор Абдумалик» жауапкершілігі шектелген қоғамға 23 миллиард 295 миллион сум көлемде инвестиция тарту және ол жерді тұрғындарға үлгілі медициналық қызмет көрсете алатын жекеменшік клиника ашу үшін берілген болса, Ақалтын аудандық медициналық бірлестігі аумағында пайдаланылмай, бос жатқан 5 сөтік жерді «Gold status service 17» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізінде жекеменшік клиника ашу және оны 10 миллиард сум көлемдегі инвестиция енгізу үшін берілді.
Сонымен қатар Сырдария ауданындағы №23 жанұялық емхана мен қаладағы №1 жанұялық емхана үлгі ретінде, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде қызмет жүргізу үшін жеке серіктес таңдалды, ал кәсіпкерге бірқатар қызметтер берілді, деп хабарлайды Сырдария облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.