Жаңа Өзбекстан демократиялық өзгерістер, кең мүмкіндіктер және практикалық істер еліне айналуда

    Билік 16 Avgust 2021 129790

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың “Янги Узбекистон” газетінің бас редакторы Салим Данияровтың сұрақтарына жауаптары

    Сұрақ. Құрметті Президент, алдымен газетімізге сұхбат беруге разылық білдіргеніңіз үшін Сізге алғыс айтамыз.

    Соңғы бес жыл барысында елімізде кең көлемдегі демократиялық өзгерістер жүзеге асырылып жатқаны белгілі. “Жаңа Өзбекстан” деген түсінік нақтылыққа айналуда. Сіз мемлекет басшысы, осы әлеуметтік-саяси үдерістердің бастамашысы және олардың ортасында тұрған реформашы басшы ретінде осы жаңарулардың мән-мазмұнын бірінші кезекте неде көресіз?

    Жауап. Алдымен, мынаны айту керек, өз елінде азат та еркін өмір, әділетті қоғам құрудай үлкен мақсатты өзінің алдына қойған кез-келген халық, кез-келген ұлт ауыр да машақатты, күрделі даму жолын басып өтеді.

    Болашаққа үлкен үміт және сеніммен қарап, әрдайым сабырлылықпен, төзімділікпен жасаған өзбек халқы да 1991 жылғы 31 августа сондай арманына қол жеткізді — туған Отанымыз өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін алды.

    Бұйыртса, тағы да санаулы күндерден соң осы құтты күннің 30 жылдығын үлкен мереке ретінде тойлаймыз.

    Осы мерейлі мерекенің алдында елімізде үлкен дайындық істері жүзеге асырылуда. Жер-жерлерде кең көлемді құрылыс және абаттандыру істері қарқынмен жүргізілуде. Атап айтқанда, астанамызға тұтас 100 гектардан астам үлкен аумақта “Янги Узбекистон” бағы мен қайталанбас көріктегі Тәуелсіздік кешені құрылуда. Несіп етсе, биыл ең ұлы, ең ғазиз мерекемізді осы жаңа бақта өткіземіз.

    Тәуелсіздік жылдарында елімізде жаңа мемлекет және қоғам құру жолында тарихи істер жүзеге асырылды, өжет те кішіпейіл халқымыздың қайтпас қайраты мен жігерінің арқасында үлкен мәрелерге жеттік. Тарихи қысқа уақытта еліміздің Конституциясы — Ата заңымыз жасалды және қабылданды. Отанымыз егеменді мемлекет ретінде әлем қауымдастығынан лайықты орын иеледі. Өзбекстанда заманалық мемлекеттілік негіздері жаратылып конституциялық құрылымға негіз салынды. Мемлекет билігінің үш тәуелсіз тармағы — заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тұрақтанды. Шын мәніндегі конституциялық мемлекет құрылды. Ұлттық валютамыз — сум айналымға енгізілді және алтын-валюта қорымыз жасалды.

    Өзбекстан Республикасының егемендігі мен мемлекеттік тәуелсіздігін, шекараларымыздың мызғымастығын, халқымыздың тыныш өмірі мен ұлттық мүдделерімізді сенімді қорғауға қабілетті Қарулы Күштер құрылды.

    Ежелгі тарихымыз, бай мәдени мұрамыз, ұлттық құндылықтарымыз, өздігіміз тіктелді.

    Осындай ұмытылмас тарихи үдерістерге белсене қатысу бұйыр­ғанына қуаныштымын.

    Тәуелсіз даму барысында қол жеткен жетістіктермен бірге жолымызда әрдайым қате және кемшіліктер болғанын ашық айту керек. Тоталитарлық құрылымнан бас тартып, демократиялық қоғам құруға қаратылған үдерістер, күрделі де қатерлі кезеңнің өзі түрлі проблема және міндеттерді алдымызға көлденеңінен қойды. Оларды табыс­ты шешу үшін біліміміз бен тәжірибеміз, жігеріміз бен ұстамдылығымыз кейде жетсе, кейде жетпеген жағдайлар да болды.

    Сондықтан еліміздің дамуын жаңа жоғары басқышқа көтеру, ол үшін жаңа реформаларды жүзеге асыру объективті қажеттілікке, ең маңызды стратегиялық міндетке айналды.

    “Жаңа” деген сөздің біз үшін маңызы ерекше. Мысалы, ең көне мерекелеріміздің бірі Наурыз — Жаңа күн деп аталатынын есімізге түсірейік. Осы ежелгі мерекемен байланысты құндылық және дәстүрлер өмірімізге сіңісіп кеткені соншалықты халқымыз ғасырлар барысында, ұлы ақын және ойшыл Әлішер Науаи айтқанындай, “Әр түнің қадірлі де ұлы, әр күнің болсын Наурыз!” деген ізгі тілек­термен, ақ ниетпен жасап келеді.

    Немесе өткен ғасырдың бастарында елсүйер, ұлтжанды бабаларымыз “жадидтік”, яғни жаңару мен еркіндік, әділет пен теңдік, ғылым-ағарту және ұлттық өздікті аңғару идеяларын ту етіп, күрес алаңына ерлерше шыққандарын баршамыз жақсы білеміз. Осындай ұлы адамдардың мақсаты — қараңғылықпен дамудан артта қалып келе жатқан Түркістан хал­қын әлемдік ғылым-біліммен, озық кәсіп-өнермен қаруландырып, жалпыадамилық даму жолына алып шығу еді.

    Жадидтер ұйымдастырған жаңа әдістегі мектептер, театр, кітапхана және мұражайлар, газет және журналдар, Түркістан перзенттерін шетелге оқуға жіберу мақсатында құрылған қайырымдылық қоғамдары халқымызды неше ғасырлық мар­ғаулықтан оятты, ұлттық азаттық қозғалысы үшін күш берді. Өкінішке орай, елімізде большевиктер диктатурасы орнатылғаны, бодандық саясаты жаңаша формада жал­ғастырылғаны ағартушы бабаларымызға өзінің мақсат-мүддесін толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Бірақ олардың арман-үміті халқымыздың қаны мен жанында, тарихи жадында сақталып қалды және қазірде жасап келеді, десек шындықты айтқан болармыз.

    Осы мағынада бүгінде бүкіл хал­қымыздың жүрегінен терең орын алған, жалпы ұлттық қозғалысқа айналып келе жатқан “Жаңа Өзбекстан” идеясының түбінде осындай ұлы бабаларымыз, жалпы алғанда, ұлттық тарихымызда Бірінші және Екінші ояну кезеңдеріне негіз қалаған ғұлама бабаларымыздың арман-ниеті мен тілегі үйлескен десек қателеспейміз.

    Адамзат тарихы мынаны дәлелдеп отыр, кез келген халықтың өміріндегі рухани ояну үдерістері ұлттық өздікті сезінуге алып келеді және елдің экономикалық, мәдени дамуын жаңа басқышқа көтереді. Мұндай әлеуметтік өте сирек кездесетін жағдай “Ренессанс” — ояну, қайта тіктелу, даму деп аталатынын бәріміз білеміз.

    Бүгінгі Өзбекстан жері ежелде екі ұлы ояну кезеңіне — Бірінші (Ағарту — IX-XII ғасырлар) және Екінші (Темурилер — XIV-XV ғасырлар) Ренессансына бесік болған. Бұл — әлемдік білім-ғылымда өз дәлелін тапқан және мойындал­ған тарихи шындық.

    Қазіргі кезде елімізде тағы да бір маңызды Ояну үдерісі жүруде. Сондықтан “Жаңа Өзбекстан” және “Үшінші Ренессанс” сөздері өмірімізде өзара үйлесімді де үндес болып жаңғыруда, хал­қымызды ұлы мақсаттар жолында рухтандыруда.

    Бүгінде Өзбекстан демократиялық өзгерістер, кең мүмкіндіктер және практикалық істер еліне айналып келеді. Дәл осы үдеріс мен үшін реформаларымыздың ең үлкен нәтижесі. Өйткені мақсаттың анықтығы — іс-әрекеттердің нәтижесін қамтамасыз ететін ең құнды өлшем.

    Егер біз бұдан бес жыл бұрын қабылданған Әрекеттер стратегия­сының түпкі мән-мазмұнын қысқаша айтатын болсақ, осы құнды құжатта өз алдымызға Жаңа Өзбекстанды құру және Үшінші Ренессанс іргетасын қалаудай ұлы міндеттерді стратегиялық мақсат етіп қойған едік.

    Жаңа Өзбекстанды құру — бұл жай қалау ғана емес, субъективтік оқиға да емес, түпкі тарихи негіздерге ие, еліміздегі саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, рухани-ағартушылық жағдайдың өзі талап еткен, хал­қымыздың ғасырлық ұмтылысына сай, оның ұлттық мүддесіне толық жауап беретін объективті қажеттілік екенін айтқан орынды.

    Жаңа Өзбекстан — демократия, адам құқығы мен еркіндігі барысында жалпы мойындал­ған норма және принциптерге қатаң мойынсұнып, әлем қауым­дастығымен достық ынтымақтастық қағидаттары негізінде дамитын, мақсаты халқымыз үшін еркін, абат және ізгі өмір жаратып беруден тұратын мемлекет.

    Өткен тарихи қысқа кезеңде реформалардың арқасында қол жеткізген нәтижелеріміз жайлы көп айтып отырмаймын. Бұл тақырыпта еліміз бен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беделді мемлекет және саясат қайраткерлері, сарапшылар мен талдаушылардың пікірлері тұрақты жарияланып келеді.

    Мұндай бейтарап баға беру баршамызды қуантады. Дәл қазір мынаны айтқым келеді, біз осы демократиялық өзгерістерді біреуге ұнау, мақтану, түрлі рейтингтерге кіру үшін емес, керісінше, демократиялық үдерістердің өзімізге ауа мен судай қажет болғаны үшін, халқымыздың, алдымен жас ұрпақтың бүгінгі өмірі мен ертеңгі болашағын ойлап, ұлттық мүддеміз жолында жүзеге асырудамыз.

    Біз — Өзбекстан азаматтары қоғамымыздың саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық ажары қарқынмен өзгеріп, өмірімізде жаңаша қатынастар, жаңа мүмкіндік пен құндылықтар қалыптасып жат­қанын басқалардан көбірек сезінудеміз. Әсіресе, “адам құқығы мен еркіндігі”, “заң үстемдігі”, “ашықтық пен жариялылық”, “сөз еркіндігі”, “дін және наным еркіндігі”, “қоғамдық бақылау”, “гендерлік теңдік”, “жеке меншікке қол сұқпау”, “экономикалық қызмет еркіндігі” сияқты фундаменталды түсініктер және өмірлік дағдылар қазіргі күнде нақтылыққа айналып келе жатқанымен де маңызды.

    Бір шындықты ашық мойында­уымыз керек: уақыт өтуімен реформа үдерістері одан әрі кеңейіп келеді, қарқынды заман алдымызға бұдан да үлкен міндеттер қоюда. Өмірдің өзі бізді көп нәрсеге үйретуде. Сондықтан біз әрдайым ізденудеміз. Ізденіс бар жерде жетістіктермен қатар кемшіліктер мен олқылықтар болатыны да табиғи.

    Ең бастысы, “Әрекетте — берекет” дегендей, біз ең қиын бас­қыштан өттік, яғни жолымызды анық белгілеп, үлкен істерді бастадық. Ендігі істің барлығы реформалар жолын қатаң ұстану мен дәйекті соңына жеткізу. Бұл әрине оңай емес, бірақ біздің оған құрбымыз жетеді. Ең маңыздысы, соңғы жылдарда мұндай үлкен де күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін жеткілікті саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру институционалды негіз қаланды.

    Сұрақ. Елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, рухани-ағартушылық реформалар үдерісінде “Халық мемлекеттік кеңселерге емес, мемлекеттік кеңселер халқымызға қызмет етуі керек” деген маңызды конституциялық қағидатты енгізуге көп мән берілуде. Оның себебі неде деп ойлайсыз?

    Жауап. Мен көп жыл мемлекеттік басқарудың ең төменгі буынынан бастап, орташа және ең жоғары басқышына дейін — барша бас­қышта жауапты лауазымдарда жұмыс істегенмін, Олий Мажлистің депутаты да болдым. Сондықтан ескі басқару жүйесінің барша нұқсандары мен кемшіліктерін, тұрғындарды қинап жатқан проб­лемаларды төменгі буыннан бастап, іш-ішімнен басқалардан көбірек білемін деп толық сеніммен айта аламын.

    Ұлы Әмір Темір бабамыздың Шахрисабздегі Ақсарай резиденциясының кіреберісіне жазылған “Әділет — мемлекеттің негізі және басшылардың ұраны” деген хикметті сөздерінде терең мағына жатыр.

    Бабаларымыз ежелден “Зұ­лымдық жасама, ынсапты бол, халық үшін әділет қорғанын сал”, деп жас ұрпаққа жол-жорық көрсеткені белгілі. Біз де сот-құқық жүйесін реформалауда осындай қарапайым да өміршең талаптарды ескердік. Атап айтқанда, “Судь­яның санасында — әділет, тілінде — шындық, ділінде — пәктік болуы керек” деген идеяны алдымызға қойдық және жүзеге асыруды бастадық.

    Осы жерде елімізде мемлекеттік және билік кеңселері ұзақ уақыт барысында халықтың өмірінен бейхабар қалғанын айту керек.

    Саяси-құқықтық тұрғыдан мемлекетке “халықтың қалауы мен еркін білдіретін орган” деп сипаттама беріледі. Мемлекетті кім қалыптастырады? Халық және оның өкілетті өкілдері. Мемлекет және оның органдары алдымен кімге қызмет ету керек? Әрине, халыққа, түрлі мансап иелеріне да­уыс берген және сенім білдірген азаматтарға.

    Осы мағынада халқымыз мемлекеттік қызметке риза болуға жан-жақты лайықты және құқылы.

    Осындай қағидаттар негізінде құрылған мемлекеттік билік қана шын мәнінде халықшыл, демократиялық билік саналады. Мұндай мемлекет пен қоғамның саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және рухани-ағартушылық тамыры берік те бақуат болады. Сондықтан біз халқымыздың ауырын жеңілдетуді, олардың проблемасын өз уақытында және нәтижелі шешуді, адамдардың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуды барша реформаларымыздың басты мақсаты етіп белгіледік.

    Мен мемлекет басшысы ретінде қызметімді бастаған 2017 жыл­ға елімізде “Халықпен байланыс және адам мүддесі жылы” деп ат бергеніміздің негізінде осындай ұмтылыс және әрекеттеріміз үйлескенін түсіну қиын емес деп ойлаймын.

    Әрине, біз ескі жүйені түгелдей өзгертіп, алдымызға қойған мақсатқа толық қол жеткіздік, деп айтуға әлі ерте. Қайталап айтамын, біз әр күні ізденудеміз. Бұл жолда алғашқы қадамды қоюдамыз. Бірақ “Бұл өзгерістер — уақытша науқан, өтеді де кетеді” дегендер қателеседі. Бұл — Президент және оның командасы алысты көздеп жүргізіп жатқан прагматикалық халықшыл саясаттың ең үстем бағыттарының бірі және оның халқымызбен бірге соңына дейін жүргіземіз, ешқашан артқа қайтпаймыз.

    Бүгінде біз қол жеткізген құнды нәтиже де негізінде осы — демократиялық реформаларымыздың артқа қайтпайтын түс алуында.

    Елімізде мемлекеттік органдар қызметінде ашықтық пен жариялылық күн сайын кеңейіп келеді. Сенаторлар мен депутаттар, ми­нистрлер мен әкімдер, барша буындағы мансапты тұлғалар азаматтармен бетпе-бет кездесіп, олардың мұқтажымен және тәшпішімен қағазда ғана емес, іс жүзінде шұғылдануда. Яғни алдымен мемлекеттік органдар халық үшін, әрбір азамат үшін ашылып, олармен белсенді диалог жүргізілуде.

    Біз өміріміздегі мәжбүрлі еңбек, атап айтқанда, балалар еңбегі, жұмыссыздық, кембағалдық, сыбайлас жемқорлық, тұрғындарды үймен қамтамасыз ету, білім және медицинамен байланысты проб­лемалардың бар екенін ашық мо­йындап, оларды кең жұртшылықпен бірге жоюдамыз.

    Бүгін адамдарда әділетке, шындыққа сенім пайда болуда. Олар түрлі дәрежедегі басшы және лауазымдылардың қызметіне бейтарап баға беруде, кемшіліктерді ашық сынауда. Ұлттық дамуы үшін мұның маңызы өте үлкен. Өйткені атақты ақынымыз Эркин Вохидов айтқандай, “Ақиқат ащы болса да жақсы, бірақ тәтті жалған жаман”.

    Бүгін адамдар оянуда, қоғам оянуда. Рухани ояу қоғам — бұл құдіретті күш екені шүбәсіз.

    Өзіңіз айтыңызшы, нәбәрі бірнеше жыл бұрын мұндай нәтижелерді көз алдымызға келтіруіміз мүмкін бе еді? Әрине, жоқ. Сондықтан бүгінгі Өзбекстан — кешегі Өзбекстан емес, бүгінгі халық, кешегі халық емес, деп айтуға барша негіз бар.

    Тағы да бір ақиқатты ұмытпауымыз керек: бүгінгі Өзбекстан — әлі шын мәніндегі, біз армандаған, ұмтылып жатқан жаңа Өзбекстан емес. Әлі бұл мәреге жету үшін алдымызда өте алыс және машақатты жол тұр. Жолымыз осы күнге дейін оңай болған жоқ. Бұдан кейін де оңай болмайды. Бірақ біз дәлдікпен алға жүруден, қажет болса, күтілмеген нәтижесі тиімді де халқымыздың мүддесіне жауап беретін дәстүрлі емес қаулылар қабылдаудан қорықпауымыз керек.

    Міне, соңғы кезде көптеген мәселелерде, атап айтқанда “прописка”, шетелге шығу үшін “стикер”, мәжбүрлі еңбек, астық пен мақтаға мемлекеттік тапсырысты белгілеу сияқты ескі ережелерден мүлдем бас тарту бойынша өте құнды қаулы қабылдадық.

    Қарапайым тілмен айтатын болсақ, аспан үзіліп жерге түскен жоқ. Керісінше бюрократия, лауазымын пайдалану, дәмегөйлік кемейіп, қоғамымыздың өмірі еркінденді, адамдар еркін тыныс ала бастады. Халқымыз да, әлем қауымдас­тығы да бұл қадамымызды ұнамды бағалауда.

    Жаңа Өзбекстан — бұл, алдымен жаңаша экономикалық қатынастар, жаңа экономикалық көзқарас дегені. Сондықтан еліміздің экономикалық жүйесі толық қайта құрылуда, қаншама ауыр болса да базар механизмдерін практикаға енгізуді бастадық.

    Қазіргі уақытта электронды карточкадағы ақшаларды банкоматтан нақты ақшаға айналдыру, ұлттық валюта курсының “қара базарда” — бірдей, банкте басқаша болуы, шетел валюталарын сатып алу, азаматтық алу, Өзбекстанның кез-келген жерінен үй және мал-мүлік сатып алумен, оларды тіркеу­ге қоюмен байланысты проблемалар тарихта қалды.

    Реформалар тұрғындардың барша буынының мүддесіне ұнамды әсер етуде: кәсіпкерлер өз бизнесін дамыту үшін еркіндікке және жаңа мүмкіндіктерге ие болуда. Диқан және фермерлер, клас­тер шаруашылықтары өздері өсірген өнімнің нағыз иесіне айналуда. Бұрынғы кеңестік құрылым кезінде “төбеден” бұйрық болмаса бір қадам аттауға да қақымыз жоқ еді. Жағдай сондай дәрежеге жеткен еді, үйіміздің төбесіне дейін мақта ексек те кесеміз ағармады. Мектеп оқушыларын да мақта теруге айдадық. Сүйікті ақынымыз Абдулла Орипов кезінде жүрегінде дертпен “Миллиондаған жүйектерге шашылған өзбек” деп жазғанындай, жүз жыл иіліп мақта тердік.

    Жақын күндерге дейін әр жылы шамамен 6-7 миллион адам мақта теріміне мәжбүрлі жұмылдырылатын. Міне, үш жылдан бері олар осы машақаттан құтылды. Қаншалықты қиын болса да бұл салаға біз базар экономикасының сыналған және нәтижелі тәсілдерін, соның ішінде кластер жүйесін енгіздік. Кластердің жәрдемінде гектарына мақта бойынша — 50 центнерден, астық бойынша 100 центнерден өнім алуды көздеп отырмыз және оған әлбетте қол жеткіземіз.

    Өкінішке орай, елімізде шұғыл шешілуі қажет өткір проблемалар басқа салаларда да жинақталып қалған еді. Барлығы орынша деген көңіл күймен оларды білсек те білмегенге алып, көрсек те көрмегендей болып, ұйқысырап жүре беруге де болады. Бірақ біз өзімізге, халқымызға, болашаққа қиянат жасаған болар едік.

    Ашық айтпақшымын: менің табиғатым мұндай жалған өмірді мүлдем қабылдамайды. Халқымыз маған сенім білдірді, осы жоғары сенімді ақтау, ел-жұртымызға лайықты өмірлік жағдай жаратып беру — мен үшін өмірімнің мән-мазмұны. Мен миллиондаған адамдардың тағдыры үшін жауапкершілікті мойныма алған екенмін, реформалар барысында басқаша жол ұстануым, барлығын бұрынғыдай қалдыруым мүмкін емес.

    Қайталап айтамын: алдымызда тұрған істердің барлығын өзіміз, өз күшімізбен атқаруымыз керек, ешкім шеттен келіп біз үшін бірде-бір проблеманы шешіп бермейді.

    Сұрақ. Еліміз өркендеуінің қазіргі басқышысында алдымызда тұрған ең үстем міндеттер нелер?

    Жауап. Өткен жылғы декабрь айында Олий Мажлиске Жолда­уымда оған жан-жақты тоқталған едім. Сондықтан сауалыңызға қысқаша жауап беремін.

    Бірінші үстем міндет: әлеуметтік саясат елімізде мемлекет саясатының ең маңызды үстем бағыттарының бірі болып келген, қазірде солай және болашақта да солай болып қалады.

    Бүгінде халықтың әл-ауқаттылығын, адамдардың тұрмыс деңге­йін жан-жақты арттыру, ол үшін жаңа жұмыс орындарын, табыс көздерін жарату, кембағалдықты қыс­қарту, ауыл және қалаларымызды абаттандыру экономикалық стратегиямыздың ең маңызды бағыты саналады.

    Елімізде әлеуметтік проблемаларды шешудің мүлдем жаңа және өзіне тән жүйесі жаратылды, сіздер, журналистер бұдан жақсы хабардарсыздар. Соңғы кезде “темір дәптер”, “әйелдер дәптері”, “жастар дәптері”, “махаллабай”, “үймен-үй” жұмыс істеу әдістерін осы мақсатта енгізудеміз. Осы негізде проблемаға қатысты бұрынғы көрсеткіштер емес, жәрдем мен көмекке мұқтаж әрбір жанұя мен азаматтың, қыз-келіншектер мен жастардың проблемалары сол жердің өзінде нақты үйренілуде. Олар өз уақытында және нәтижелі шешілуде.

    Қарттарды, мүгедектерді, ауыр жағдайға түсіп қалған адамдарды қолдап-қуаттау, оларға мейір мен шапағат көрсету сияқты игі дәстүрлеріміз бүгінде жаңаша мән-мазмұнмен, іс жүзіндік әрекеттермен байып жетілдірілуде. Бұл ретте, әсіресе, “Абат ауыл”, “Абат махалла”, “Бес маңызды бастама”, “Әрбір жанұя — кәсіпкер”, “Жастар — болашағымыз” сияқты бағдарламалар ұнамды нәтиже беруде.

    Бір ғана “Абат ауыл” және “Абат махалла” бағдарламалары аясында 2021 жылы барша қала және аудандардағы жалпы 7 мың 794 ауыл және махаллада жалпы құны 20,8 триллион сумдық құрылыс, жөндеу және абаттандыру істері жүзеге асырылуда. Ұлттық тарихымызда ауыл және махалларымызды абаттандыруға ешқашан мұншалықты үлкен қаржы бөлінбеген, ең бас­тысы, олардың дамуына мұн­шалықты назар аударылмағанын айту керек.

    Осындай ауқымды істерді жүзеге асыру үшін басшылар қолайлы және ықшам кабинеттерінен шығып, тікелей төменге түсіп, махаллаларға барып жұмыс істеуде.

    Әлеуметтік қолдап-қуаттаудың нақты мекенді сипатқа ие екені әрбір мұқтаж адамға оның нақты мұқтажын ескеріп көмек көрсету мүмкіндігін беруде. Мұнда осы буындағы ешбір адам назардан шетте қалмауына көңіл бөлудеміз.

    Ұсыныс және бастамалар бұрын­ғыдай тек “төбеден” емес, керісінше көбірек төменгі жақтан айтылуда. Оларды жүзеге асыруда тө­менгі, орта және жоғары буындағы мемлекеттік басқару кеңселерінің нәтижелі ынтымақтастығы іс беруде. Осы негізде қоғамымыздың әлеуметтік көрінісі түгелдей өзгеруде, нәтижелі басқарудың тиімділігі артуда, ең маңыздысы, адамдардың өмірге, еңбекке, өзінің тағдыры мен ертеңгі күнге сенімі артуда.

    Мен мұндай өзгерістерді қоғам дамуының ең негізгі сапалық көрсеткіші деп санаймын.

    Әрине, әлеуметтік қорғау жүйесінде кейбір кемшіліктер мен ол­қылықтар сақталып қалуда. Біз оларды басқышпа-бас­қыш жоямыз, осы жүйені жетілдіріп, жаңа нәтиже беретін қоғамдағы барша салауатты күштерді осы мақсатқа біріктіретін дәрежеге жеткіземіз.

    Мұқтаж азаматтарды тікелей, нақ­ты мақсат пен материалдық қолдап-қуаттауға қаратылған жүйелі іс-шараларды жүзеге асыруда негізгі назар тұрғындардың табысы аз буындарына дотация беру емес, оларға табыс табу үшін қажетті жағдай мен мүмкіндік жаратуға қаратылған.

    Екінші үстем міндет: экономикалық даму саласында өсу нүктелерін анықтау және оларға ерекше назар аудару, сөйтіп жаңа Өзбекстан экономикасының бәсекелестігін арттыру маңызды рөл атқарады.

    Мысалы, біз үшін өте маңызды тоқымашылық тармағын алайық. Кәсіпорындарымыз осы салада мақтаны жетістіруден бастап, оның терең қайта өңдеуге дейінгі, соңғы өнім шығаруға дейінгі барша технологиялық үдерістерді тиянақты игеріп, экспорт пен пайда көлемін бірнеше есе арттырған жағдайда ғана осы бағыттағы жетекші елдердің өндірісшілерімен бәсекелесе алуы мүмкін.

    Туған жеріміздің қойнауындағы бай шикізат пен қазба байлықтарды ел-жұртымыздың мүддесі жолында істету мақсатында жоғары нәтижелі, заманалық технологияларға негізделген өндіріс қуаттары құрылуда. Бұл реттегі іс-әрекеттеріміздің нәтижесінде соңғы жылдарда Қандым газды қайта өңдеу кешені, Ташкент металлургия зауыты сияқты ірі және өте сирек кездесетін нысандар іске қосылды, Науаи кен-металлургия кешенінің, сондай-ақ Өзбекстан металлургия комбинатының өндіріс қуаттары кеңейтілді. Осындай істеріміздің жалғасы ретінде жақында жетекші шетелдік компаниялармен ынтымақтастықта жоба құны 2 миллиард АҚШ долларына тең Алмалық кен-металлургия комбинатының жаңа мысты байыту фабрикасының құрылысы басталғанынан хабарыңыз бар.

    Біз экономикамызды жаңғырту және әртараптандыруда ерекше маңызы бар жекешелендіру үдерісінен де тек мемлекеттік кәсіпорындарды сату ғана емес, олардың бәсекелестігін арттыру, экономика саласындағы ұлттық мүддемізді нығайтуға қызмет ететін мүлдем жаңаша жанасуларды қолдауға маңыз берудеміз. Мемлекеттік активтерді сатуда мөлдірлік пен нәтижелілікті, кең жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз ететін кепілдіктерді жаратудың маңызы зор.

    Үшінші үстем міндет: біз қазіргі жаЅандық пандемия кезінде тұрғындардың денсаулығын қорғау, соның ішінде кәсіпкерлерді өз проблемасымен тастап қоймауды басты мақсатымыздың бірі ретінде көріп отырмыз. Өйткені әрбір кәсіпкерлік құрылымның артында қаншама адамдардың жұмыс орны, жанұялардың табысы, олардың бүгіні мен ертеңгі тағдыры тұр.

    Жаңа Өзбекстанда шағын және жекеменшік бизнес субъектілерінің саны соңғы кезде екі есе көбейді, осы тармақтағы 50 па­йыздан астам кәсіпорын тек соңғы үш жылда құрылған. Бұл елімізде маңызды әлеуметтік буын — орта буынның көбеюіне тиянақты құрыл­ған іргетас болуда.

    Сондықтан біз үшін бизнесті қолдап-қуаттау, кәсіпкерлік пен жеке меншікті қорғау барша экономикалық реформалардың басты мәселесі болуда. Кәсіпкерлер оларды қолдап-қуаттау жайлы жағымды сөздерді көп естіген, енді осы сөздердің іс жүзіндегі әсері мен нәтижесін күнделікті қызметінде сезінуі керек.

    Бизнес адамдарын тек салықтарды төлеу және тексерулер кезінде еске алатын замандар өтіп кетті. Осы тұрғыдан қарағанда, салық заңдылығын үйлестіру барысында біз едәуір істерді атқардық, бірақ әлі алдымызда үлкен міндеттер тұр және біз оларды сөзсіз жүзеге асырамыз.

    Кейбір жергілікті билік органдарының кәсіпкерлердің ісіне араласу, “телефон құқығын” пайдаланып оларға басым өткізу жағдайлары әлі де кездесіп тұратыны ақиқат. Біз мұндай проблемаларға біржолата нүкте қою барысында іс атқарудамыз. Егер біз кәсіпкерлерді қолдап-қуаттамасақ, оларға жағдай жаратпасақ, жеке меншік кәсіпорындардың санын көбейтпесек, қала және аудандардың жергілікті бюджеті нашарлығынша қала береді.

    Баршамыз бір ақиқатты терең түсініп алайық: кәсіпкерлік қызметті қолдап-қуаттау — азаматтардың, халқымыздың әл-ауқаттылығын арттырудың ең тиімді жолы, жаңа Өзбекстанды құру­дың нақты мақсаты.

    Бұл саладағы кездесетін кемшілік және нұқсандарды шешуде, еліміз өмірін одан да еркіндендіру, ашықтық пен жариялылық ортасын жұртшылық бақылауын кеңейту маңызды рөл атқарады деп сенемін.

    Төртінші үстем міндет: пандемия ауыл шаруашылығында түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырып жатқан кезеңге тура келді. Бұл кезең азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аграрлық секторда заман талаптары негізінде дамыту, бүкіл адамзат, соның ішінде біз үшін де өзекті міндетке айналып келе жатқанын айқын дәлелдеді.

    Еліміз ауыл шаруашылығы бо­йынша үлкен әлеуетке, беделді тәжірибе мен бай дәстүрге ие. Дегенмен ұзақ уақыт барысында осы тармаққа базар экономикасына сай жанасу мен материалдық ынталандыру механизмдері енгізілмеді, оны дамытуға қаржы және ғылыми инновациялар жеткілікті жұмылдырылмады. Сөйтіп жердің күші қалмады, топырақтың өнімділігі төмендеді.

    Көз алдыңызға келтіріңізші, тә­уелсіздік кезеңінде, яғни соңғы 30 жылда Өзбекстанның тұрғындары 15 миллионға көбейді. Бұл орташа бір елдің тұрғындары дегені. Тіпті уақыт өтуімен, өмірдің өзгеруімен адамдардың тұтыну талабы және сұранысы да өсе береді. Жеріміз, суымыз көбеймейтіні табиғи. Мұндай ресурстар тек бізде ғана емес, бүкіл әлемде шектеулі. Біз енді ақылымызды, интеллектуалдық әлеуетімізді, білім және тәжірибемізді арттыруымыз, дәл осы факторларды экономикалық өсу нүктелері мен ресурс көздеріне айналдыруымыз шарт.

    Бұл ненің есебінен болады?

    Бұған білім және тәжірибе, тынымсыз оқып үйрену, іздену, жаңалыққа ұмтылу, жоғары технологияларды енгізу, реформаларды нәтижелі жүргізудің есебінен қол жеткізуге болады.

    Осы себепті біз аграрлық секторды жалпы және жүйелі трансформациялауды бастадық. Осы саланы экономиканың негізгі драйверлерінің біріне айналдыру — біздің басты мақсатымыз. Осы мақсата 2020-2030 жылдарға көздеп жасалған Ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясында тармақты дамыту барысындағы басты міндеттер айқын белгілеп қойылды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, азық-түлік секторы мен ауылдарды жақын он жылда жедел дамыту жоспары көзделген.

    Аграрлық саладағы істерді түгелдей жаңа негізде ұйымдастыру арқылы тармақтың нәтижелілігі мен бәсекелестігін арттыру, осы бағытта мыңдаған жұмыс орнын жарату және ауылдық жерлерде адамдардың өмір сүру дәрежесін көтеру бойынша маңызды қадамдар жасалуда.

    Бесінші үстем міндет: пандемия кезінде халқымыздың денсау­лығы мен өмірін қорғау біз үшін ең басты міндет болып қалуда. Осы мақсатта 2021 жыл үшін мемлекеттік бюджетте 3 триллион сум қор қалыптастырылды. Осы қаржының есебінен медицина саласында көптеген іс-шаралар, атап айтқанда тұрғындарға коронавирусқа қарсы екпе егу шаралары жүзеге асырылуда.

    Барша медициналық мекемелерде қашықтық қызметтерін көбейту, емхана және ауруханаларды электронды жұмыс істеуге өткізу, республикалық мамандандырылған медициналық орталықтар мен филиалдары арасында телемедицина қызметін жолға қойып, диагностикалау мен емдеу үшін жер-жерлердегі мүмкіндіктерді одан да кеңейтуге баса назар аударылуда.

    Медицинаның бірінші буынын күшейту, әсіресе ауыл және махаллаларда медициналық қызметті сапа тұрғысынан жаңа басқышқа көтеру шаралары қарастырылуда. Атап айтқанда, бірінші буында жалпы профиль дәрігерлерінің штат бірлігінің орнына жанұялық дәрігер және оған жәрдемші ретінде 5 орта медициналық қызметкерден құралған “медициналық бригадалар” құрылуда.

    Елімізде жекеменшік медициналық клиникалар ашуға кең мүмкіндік жаратылғанына қарамастан жер-жерлерде гемодиализ, медициналық диагностика және реабилитация қызметтері бойынша ауруханалар жетіспейді. Сондықтан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізіндегі жобаларды көбейту, 170 аудандық және қалалық медициналық бірлестікті компьютер томографтарымен қамтамасыз ету, оларды пайдалану бойынша қызметкерлердің білімін арттыруға қаратылған практикалық істер басталды.

    Медицинадағы тағы бір өте күр­делі де өзекті проблема — жоғары білімді кадрлардың жетіспеушілігі. Сондықтан жаңа оқу жылынан бастап, клиникалық ординатураның қабылдау квотасы екі есе арт­тырылады. Облыс әкімдіктері өз өңірі үшін қажетті осындай маман-дәрігерлерді даярлауға жергілікті бюджеттен гранттар бөледі.

    Елімізде адам ағзаларын трансплантациялау бойынша заңды негіздерді жасауды бастадық. Бұл ретте нормативтік-құқықтық базаның жоқтығынан бұрын донорлық жасайтын тұлға науқастың жақын туысы болмаса трансплантациялауға рұқсат берілмейтін еді. Көптеген азаматтарымыз мұндай медициналық операцияны шетелде өткізетін, шетелге баруға жағдайы келмегендер шарасыз ахуалда қалатын еді.

    Бізді ең көп қинайтын мәселелердің бірі — денсаулық сақтау саласындағы сыбайластық жемқорлық. Өткен жылдың өзінде жүйеде 30 миллиард сумнан астам қаржыны талан-тараж жасаған жағдайлар анықталды және айыптылар заңды жазаға тартылды. Сондықтан бұл салада ықпалды бақылау жүйесін орнатуға, алдымен жұртшылық бақылауын күшейтуге баса назар аударылуда.

    Тұрғындардың медициналық мәдениетін арттыру, адамдардың арасында салауатты тұрмыс салтының қағидаттарын кеңінен насихаттау тек медицина саласының ғана емес, бүкіл қоғамымыздың алдындағы басты міндет. Әрбір адам өзінің денсаулығы жайлы алдымен өзі ойлауы, өзі қамқорлық жасауы керек. Әсіресе коронавирус пандемиясы бүкіл жер жүзінде, соның ішінде елімізде де жалғасып жатқан қазіргі кезде мұның маңызы шексіз.

    Сондықтан немқұрайдылыққа, жайбарақаттыққа берілуге хақымыз жоқ. Коронавирус әлі де біздің қасымызда, бізбен бірге жасауда. Сондықтан елімізде тиісті медициналық орталықтар, дәрі-дәрмек және қорғау құралдарының жеткілікті қоры жасалды. Аумақтарда 60 оттегі станциясы іске қосылып, жансақтау және интенсивті емдеу бөлімдерін оттегімен үздіксіз қамтамасыз ету бо­йынша істер жедел жүргізілуде. Елімізде вакцина шығару бойынша практикалық істер басталды.

    Республикамызда үстіміздегі жылдың 1 апрелінен бастап тұрғындарға коронавирусқа қарсы екпе егу үдерісі үздіксіз жалғасуда.

    Мүмкіндікті пайдаланып, халқымызды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, осы қауіпті ауруға қарсы екпе егу шараларына белсене қатысуға тағы бір рет шақырмақпын.

    Алтыншы үстем міндет: біз жаңа жағдайда рухани-ағартушылық істерді күшейтуге ұмтылудамыз. Мұндай жанасу — бүгінгі және алдағы дамуымыз үшін берік іргетас.

    Осы мағынада жаңа Өзбекстанды құру — жақын да алыс тарихымызды, қайталанбас да сирек кездесетін мәдени байлықтарымызды одан да терең үйреніп, оларға сүйеніп, тәуелсіз ұлттық даму жолымызды жаңа басқышта жалғастыру дегені.

    Соңғы жылдарда мәдени-гуманитарлық бағытта — мәдениет, кино, би және бейнелеу өнері салаларын, әдебиет пен кітапсүйгіштікті дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан істерімізді халық жақсы біледі. Атап айтқанда, халықаралық мақам конференциясы, бақшылық және ұлттық қолөнер фестивальдерін ұйымдастырғанымыз және жоғары деңгейде өткізгеніміз жаңа Өзбекстанды әлемге кеңінен насихаттауда маңызды іс болды.

    Ұлттық тарихымызды бейтарап және шын мәнінде зерттеу үшін бүгінде Өзбекстанға қатысты шетелдегі мәдени байлықтарды зерт­теу орталығы, ўылым академиясының жанында Өзбекстанның жаңа тарихы орталығы, “Өзбекстан тарихы” телеарнасы жұмыс істеуде.

    Ислам дінінің дамуы жолында өлшеусіз қызмет еткен ұлы хадисшы бабаларымыздың діни және ғылыми-рухани мұрасын үйрену мен насихаттау мақсатында Са­мар­қантта — Имам Бұхари, Сұрхандарияда — Имам Термизи халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтары, сондай-ақ Ташкентте Өзбекстан халықаралық ислам акаде­мия­сы, Имам Мотуриди халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істеуде.

    Ташкент қаласында құрылып жат­қан Өзбекстандағы ислам цивилизациясы орталығы халқымыздың бай діни-ағартушылық мұрасын терең үйрену мен әлемге насихаттау, жас ұрпақты ұлттық және жалпыадамилық құндылықтар рухында тәрбиелеуде шексіз орын алатын ғылыми-ағарту орталығына айналады.

    Біз қазіргі күрделі де қиын заманда рухани-ағартушылық іс­тердің орны мен ықпалы күн са­йын артып бара жатқанын ескеріп, осы саладағы қызметімізді одан да күшейтуге ерекше назар аударудамыз. “Руханият және шығармашылықты қолдап-қуаттау мақсатты қорын ұйымдастыру туралы” және “Рухани-ағарту істерінің жүйесін түбегейлі жетілдіру іс-шаралары туралы” осы жылы март айында қабылдан­ған Президент қаулылары дәл осы саладағы міндеттерді нәтижелі шешуге қаратылған.

    Жаңа Өзбекстан беделді халықаралық және аймақтық ұйымдарда барша салалар қатарында рухани-ағартушылық мәселелеріне қатысты бастамаларды нықтап ортаға тастауда. Бұл жайлы сөз болғанда, еліміз тарапынан Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 72-сессиясында “Ағарту және діни бауырмалдық” резолюциясын қабылдау бойынша алға қойған бастаманы халықаралық қауымдастық кеңінен қолдап-қуаттады. Жуырда осы резолюция қабылданғанын ерекше айтқан орынды.

    Сонымен қатар, Түркі тілді мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бейнеконференция формасында өткен саммитінде ғылым, білім, мәдениет және өнер салаларын, сондай-ақ түркі әлемінің бірлігін дамытуға үлкен үлес қосқан атақты тұлғаларды ынталандыруға қаратылған тағы бір маңызды бас­тамамыз қабылданып, Түркі кеңесінің Әлішер Науаи атындағы халықаралық сыйлығы құрылды. Біз мұны барша түркі халықтарының мақтанышы болған Әлішер Науаи бабамызға, сондай ұлы адамдарды тәрбиелеп кәмелетке жеткізген халқымызға деген жоғары құрметтің белгісі деп білеміз.

    Сұрақ. Жаңа Өзбекстанды құруда сыртқы саясатқа, әлемдегі алыс та жақын мемлекеттермен достық ынтымақтастық байланыстарын дамытуға ерекше назар аударылуда. Бұл орында ішкі және сыртқы саясаттың өзара байланысты және үйлесімді сипаттары нелерде көрініс табады?

    Жауап. Алдымен, мынаны айтып өту керек, біз еліміз жаңару кезеңіне қадам қойған бірінші күндерден бастап ашық, прагматикалық және практикалық сырт­қы саясат жүргізуге, әлемдегі барлық өркениетті елдермен әсіресе, көрші мемлекеттермен жақын достық, ынтымақтастық қатынастарын нығайтуға баса назар аударып отырмыз. Өзбекстан өткен кезеңде осы стратегиялық жолға әрқашан адал болып, өз серіктестерінің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың алдындағы міндеттерін толық орындап келеді.

    Өткен тарихи қысқа кезеңде еліміздің Орталық Азия аймағындағы және әлем көлеміндегі саяси орны мен беделі күрт артты. Әлемде Жаңа Өзбекстанға қатысты сенім рухына және елімізбен ынтымақтастыққа ұмтылу қағидаттары күшейді.

    Бірінші кезекте, көрші мемлекеттермен қатынастарымызда жылдар барысында жиналып қалған проблемалар шешілді. Шекаралар ашылды. Көрші-қолаңмен, аға-інімен, әке-баласымен, туған-туысқанымен үзіліп қалған байланыстарды тіктеп, бір елден екінші мемлекетке емін-еркін барып келе бастады. Виза мәселелері шешілді. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз жедел дамуда.

    Ежелден өзара туысқан әрі дос болған елдеріміз көптеген аймақтық және жаЅандық мәселелер, әлеуметтік-экономикалық даму бойынша жақын ынтымақтастықта әрекет етуді бастады. Әлем саясаттанушылығында “Орталық Азия рухы” деген сөз пайда болды.

    Осы жылдың 5-6 август күндері Түрікменстанда өткен Орталық Азия мемлекет басшыларының кезектегі Мәслихат кездесуі бұл үдеріске жаңа мазмұн мен күш бағыштағанымен маңызды саналады.

    Осы мысалдардың өзі-ақ ішкі және сыртқы саясаттың бір-біріне қаншалықты байланысты әрі үйлесімді екенін көрсетеді. Ең маңыздысы, ішкі және сыртқы сая­сатымыздағы міне осындай үйлесімділік халқымыздың мүддесін көздеп жүзеге асырылуда, мұның нәтижесін қарапа­йым адамдар өз өмірінде, тағдырында сезінуде.

    Тағы бір маңыздысы сол, Өзбекстан бүгін өзінің алысты көздеген саясатымен аймағымыздағы және әлемдегі саяси үдерістердің белсенді қатысушысына айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Парламентаралық Одақ, Еуропа Одағы, Еуропада қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Ислам ынтымақтастық ұйымы сынды халық­аралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастығымыз жаңа бас­қышқа көтерілді.

    Еліміз Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесіне мүше болды, Еуразия экономикалық ынтымақтастық одағы құзырында бақылаушы мәртебесін алды. Өзбекстан өз тарихында бірінші рет БҰҰ-ның Адам құқықтары бо­йынша кеңесіне мүше етіп сайланды және оның 2021 жылғы 22 февральда Женева қаласында бейнеконференция форматында өткен 46-сессиясына сәтті қатысты.

    Өткен жылы еліміз алғаш рет Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына төрағалық жасады және пандемияға қарамастан, ТМД аясында көзделген 60-тан астам барша халықаралық шара нәтижелі өтті, 70-ке жуық маңызды құжат қабылданды.

    Өзбекстан Орталық және Оңтүс­тік Азия аймақтарындағы интеграция, ынтымақтастық үдерістерін жандандыруда одан сайын маңызды рөл атқаруда. Осы жылдың 15-16 июль күндері Ташкент қаласында “Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық байланыстылық. Қатерлер мен мүмкіндіктер” тақырыбында өткізілген халықаралық конференцияда еліміз алға тартқан жаңа ұсыныстар мен бастамалар тек осы шексіз аймақтар мемлекеттерінде ғана емес, әлем қауымдастығында үлкен қызығушылық оятты. Атап айтқанда, Орталық Азияны Үнді мұхитымен байланыстыратын жаңа транспорт жолдарын құру мәселелері де талқыланды. Конференция Ташкенттің рухын тағы бір рет паш етті.

    Бүгінгі таңда Өзбекстан Республикасының Сыртқы саяси қызмет концепциясы жетілдірілуде. Бұл маңызды құжатта сыртқы саясатымыздың үстем бағыты болған Орталық Азия мемлекеттерімен көпғасырлық достық, жақсы көршілік, стратегиялық серіктестік және өзара сенім рухындағы байланыс­тарымызды одан әрі нығайтуға баса назар аударылуда. Өзбекстанның негізгі шетелдік серіктес­тері саналған Ресей, Қытай, Америка Құрама Штаттары, Түркия, Германия, Франция, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Жапония, Үндістан, Пәкістан, Біріккен Араб Әмірліктері, тағы басқа да мемлекеттермен көпқырлы және өзара мүдделі байланыстары одан әрі кеңеюде.

    Өзбекстан Ауғанстанның жақын көршісі ретінде бұл елде тезірек тыныштық пен тұрақтылықтың орнатылуына мүдделі.

    Белгілі болғанындай, Өзбекстан 2021-2022 жылдарда Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасайды. Қазіргі уақытта біз осы маңызды саяси шараны жоғары деңгейде өткізу үшін үлкен дайындық істерін жүргізіп отырмыз.

    Адам құқығы мен еркіндігін қамтамасыз ету, сөз және діни наным еркіндігі, гендерлік теңдік бойынша қол жеткізіліп жатқан жетістіктеріміз беделді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта дәйекті нығая түсуде.

    Әлемнің көптеген елдеріндегі отандастарымызды қолдап-қуаттау және олармен байланыстарымызды одан әрі нығайту мақсатында “Отандастар” қоры құрылды.

    Қоғамымызда ұлтаралық татулық пен бауырмалдық ортасын нығайтуға қаратылған істеріміз сапа тұрғысынан жаңа басқышқа көтерілуде. Әр жылы Халықаралық достық күні ретінде кеңінен атап өтілетін 30 июль күні Өзбекстанда “Халықтар достығы күні” деп жарияланды. Биыл осы мереке елімізде бірінші рет кең атап өтілді. Мұны да ішкі және сыртқы саясат факторлары бірлесетін ортақ оқиға ретінде қабылдау мүмкін.

    Бүкіл әлемдегі сияқты елімізде де экологиялық проблемаларды шешуге қатаң назар аударылуда. Көрші мемлекеттермен және әлем жұртшылығымен бірге Арал теңізі апаты салдарынан туындаған экологиялық апаттардың әсерін жұмсартуға қаратылған әрекеттерді қатаң жалғастырып отырмыз. Теңіздің құрғаған түбінде жүз мыңдаған гектар орман және ағашзарлар отырғызылуда, Аралбойы аумақтарында үлкен құрылыс және абаттандыру істері жүзеге асырылуда. Бұл ретте Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастықта жасалған Аралбойы аймағында адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша көпжақты Траст қоры қызметі маңызды рөл атқаруда.

    Бұл туралы сөз қозғалғанда, Өзбекстанның Аралбойы аймағын экологиялық инновация және технологиялар аумағы деп жариялау бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының арнаулы резолюциясын қабылдау туралы маңызды бастамасы 2021 жылғы 18 май күні Ассамблея тарапынан бір дауыстан мақұлданғанын айт­қан орынды. Бұл резолюцияны жасауда АҚШ, Ресей, Қытай, Түркия, Әзербайжан сынды дүние­дегі беделді мемлекеттердің, жалпы 50 елдің теңавтор ретінде қатысқаны осы бастаманың әлем қауымдастығында қандай үлкен қызығушылық оятқанын дәлелдейді.

    Сұрақ. Белгілі болғанындай, реформалардың нәтижесі көп тұрғыдан басшы кадрлардың әсіресе, жергілікті әкімдердің білімі мен тәжірибесіне, саяси деңгейі мен мәдениетіне байланысты. Шын мәнінде, Президенттің жер-жерлердегі өкілдері болған әкімдердің жұмысы Сізді қанағаттандыра ма?

    Жауап. Мен бұл туралы өткен жылы Олий Мажлиске Жолдауда да ерекше тоқталып өткен едім. Тек әкімдер ғана емес, барша буындағы көптеген үлкен-кіші басшыларда білім мен тәжірибе, ұйымдастырушылық, әлеует, ел-жұрт­тың ісі үшін жанкүйерлік сезімінің жетіспейтіні мені қинайтын ең күрделі мәселе.

    Дұрыс айттыңыз, жер-жерлерде реформалардың нәтижелі жүзеге асырылуы бірінші кезекте әкімдерге, олардың білімі мен тәжірибесіне, іскерлік қасиеттеріне байланысты. Ең маңыздысы, олар адамдардың сеніміне бөленген болуы шарт. Тұрғындар жер-жерлердегі басшыларға, олардың ісіне, қызметі мен мәміле мәдениетіне, саяси, құқықтық және ақылақтық деңгейіне қарап, мемлекет билігіне баға береді. Бірақ ашық айтатын болсақ, әкімдердің, жалпы алғанда, төменгі буындағы басшылардың барлығы да ел арасында жеткілікті абырой-беделге ие емес.

    Өкінішке орай, көптеген басшылар халықтың ішіне кіріп, адамдардың дерт-тәшпіштерімен жасауды қандай да бір екінші дәрежелі іс деп санайды. Сондықтан да олар көптеген мәселелерде әлсіз болып қалуда.

    Негізінде халықпен тілдесу, тұрақты түрде адамдардың тәшпіші мен проблемасын ойлап жасау кез келген басшы үшін бірінші әрі қасиетті міндет болуы шарт. Басшылық және басқару мәдениеті, өміршең білім мен тәжірибелер неден басталады? Халықпен тікелей тілдесуден бас­талады. Әсіресе төменгі буындағы басшылар өз көзқарасын өзгертіп, қарапайым азаматқа медет болып, кәсіпкерге дос болып істемесе, біз қаншалықты көп күш, қаржы жұмсамайық, жарлықтар мен қаулылар қабылдап, жағдай жасамайық, жер-жерлерде реформаларымыздың алға жылжуы қиын болады.

    Жасырудың керегі жоқ — өте ауыр, қатерлі әрі аяусыз бәсекелестік заманында өмір сүрудеміз. Әлем сондай қарқынмен өзгеріп бара жатыр, кешегі саяси-экономикалық талдау мен болжамдар бүгінгі күнге сай келмей жатыр. Өзара қарама-қайшылық, “саудасоғыстары”, экологиялық проблемалар күшеюде. Осындай күрделі жағдайда елмен бірге тыныс алып жасамайтын, өмірдің өзі талап етіп отырған нағыз ақиқатты түсінбейтін лауазымдылардың басшы ретінде болашағы жоқ. Оларға бірде-бір жауапты міндетті сенуге болмайды.

    Бір кездері мен де әкім болып істегенмін. Ол уақытта жағдайды қазіргі мүмкіндіктермен мүлдем салыстыруға болмайды. Көптеген мәселелерде қол-аяғымыз байланған еді, барлық нәрсені “жоғарының” қас-қабағына қарап орындауға тура келетін. Ең жаманы, төменгі буындағы проблемалар бойынша жоғары кеңселердегі салқын кабинеттерде отырған, ауылдарда қиналып жасап жатқан адамдардың дерт-тәшпіштерінен мүлдем аулақ болған, жер-жерлерде жағдайдың қандай екенін көз алдына елестете алмайтын бастықсымақтар қаулы қабылдайтын еді.

    Ал бүгін әкімдер тәуелсіз қаулы қабылдап, тәуелсіз жұмыс жүргізу өкілетіне ие. Олардан бұрынғыдай әрбір қадамын Ташкентте орталық кеңселердегі жауаптылармен келісу, болар болмасқа рұқсат сұрау талап етілмейді.

    Әкім, басшы адам ретінде, бірер нәрсені білмейтіні немесе елемейтіні, қатеге жол беруі мүмкін, мұны түсінуге болады, бірақ ол сол қателерін мойындамаса, оларды түзетуді қаламаса, оқып-үйренуге, жаңаша істеуге, өз білімі мен тәжірибесін арттыруға ұмтылмаса, өз мүддесін ойлап, ойын-сауыққа берілсе, бұл жағдайды мүлдем кешіруге болмайды.

    Менің басты талабым — адамдарды түсіну, олардың қуа­ныш-тәшпіштерімен жасау, айналадағы жағдайға қарапайым халықтың көзімен қарау және бағалау, ел-жұрттан бөлініп қалмау керек. Сонда ғана аумақты немесе саланы басқару және маңызды қаулылар қабылдауда нақты нәтиже болады.

    Әрбір басшысының жұмыс нормасы — бұл халықтың арман-үміттерін өзі үшін негізгі мақсат етіп, оларды дәйектілікпен жүзеге шығару.

    Әкімдер мен министрлеріміз, компаниялар мен банктеріміздің басшылары арасында белсенді, істің көзін білетін, терең пікірлейтін жаңа ұрпақ өкілдері ұлғайып келе жатқаны мені қуантады. Олар халықпен ашық тілдесуде, бастамашылдық көрсетуде, жоғарыдан нұсқау күтіп отырмастан, тәуелсіз әрі батыл жұмыс жүргізуде.

    Өкінішке орай, кейбір жетекшілер мен жауаптылар менмендікке беріліп, тәкаппарланып, аяғы жерден үзілгенін білмей қалады. Бұл — олар үшін нағыз апат. Әрине, мұндай басшыларға біздің қатарымызда орын болуы мүмкін емес. Бұл тек Президенттің ғана емес, сонымен қатар халқымыздың, өмірдің талабы.

    Сұрақ. Сіз мемлекет басшысы үшін халықпен тікелей тілдесу өте маңызды екенін тұрақты айтып келесіз. Бірақ өмірде барлық мәселе бойынша халықпен тілдесу, оның пікірін алу мүмкіндігі бар ма?

    Сіз міне осындай “бостықты” толтыруға қалай қол

    жеткізгенсіз?

    Жауап. Мен Президент ретінде жұмыс бастаған бірінші күндерден-ақ өз командамды шынайы жағдайға мүлдем байланысы болмаған дақпырт сөздер мен “әдемі” цифрларды ұнатпайтынымды айтып, қатты ескерткенмін.

    Қаншалықты ащы әрі қолайсыз болмасын, мен тек дұрыс та шынайы мәліметті білуді қалаймын. Бұл мен үшін дұрыс қаулылар қабылдауға көмек береді.

    Әрине, бұл талапты барлығы да түсінгені жоқ, әлі де ескіше әдіспен мәлімет беруге әрекеттер болып тұрады. Бірақ мен мұндай жағдайларға жол бермеуге әрекет етемін. Міне сол шындықты түсінбегендердің көпшілігімен қоштастық. Бұл мәселеде талап әрқашан қатты болады.

    Халқымыздың, Отанымыздың мүддесін, қоғамымыздың болашағын, перзенттеріміздің бақытын қамтамасыз етуге қаратыл­ған бүгінгі реформа үдерістерінің өзі осыны талап етуде. Бұл бағытта басқаша жол ұстауға құқымыз жоқ.

    Тағы бір рет айтамын, басшылар мен жауапты тұлғалар арасында кімде-кім міне осы өткір талапты түсінбесе, қаншалықты ауыр болмасын, олармен қоштасамыз.

    Менің еліміз бойлап жүзеге асыратын әрбір сапарымнан көзделген негізгі мақсат — халық қалай өмір сүріп жатқанын, немен тыныс алып отырғанын білу. Бұл — өте маңызды мәселе. Сондықтан көп жағдайларда сапар барысында бағытты кенеттен өзгертуіме тура келеді. Мұндай күтілмеген, ешбір хаттамада тіркелмеген “маршруттар” жер-жерлердегі басшыларды бос болмауға, үнемі іскерлік жағдайда тұруға үйретеді, деп ойлаймын.

    Өкінішке орай, қанша рет айт­қаныма, ескерткені қарамас­тан, жер-жерлерде тек менің сапарымның алдында көшелер мен алаңдарды тазалау, бір түнде ғимараттардың алдында “шым” мен “гүлзарлар” пайда болуы, жалпы алғанда, шынайы жағдайды әсірелеп көрсету сияқты көзбояушылық істері жалғасуда. Көзбояушылық, адамдарды қинау, жасанды және дақпырт сөздерге құмар болу жылдар барысында кейбір басшылардың қанына сіңіп кеткені соншалықты, олардан құтылу қиын болып жатыр. Алайда қандай болмасын, осы сынды індеттерге түбегейлі шек қоюы­мыз керек. Өйткені мұндай жағдайлар шыншыл, жал­ған сөзді және істі ешқашан қабылдамайтын халқымыздың табиғатына мүлдем жат.

    Жергілікті билік кеңселерінің ісі Президент келіп-кетуімен аяқталмастан, керісінше, сапардан соң жаңадан басталуы, тіпті бұрынғыдан да көбеюі қажет. Сонда ғана ісімізде қарқын және сапа болады, нәтиже үшін істеуге үйренеміз. Бұрын әкімдер сапардан-сапарға дейінгі уақыт аралығында жайбарақат, айтар болсақ, алаңсыз жүретін еді, ал енді олар өз алдына нақты мақсат пен міндет қойып, халықпен кеңесу негізінде бар күшімен жұмыс істеуде. Өйткені олар біледі: Президент алдағы сапарда әлбетте әрбір мәселе бойынша нақты нәтижені сұрайды.

    Біз еліміз дамуының бүгінгі жаңа басқышында алдымызда тұрған маңызды міндеттерді жедел шешуде министрліктер, мемлекеттік комитеттер, мемлекеттік басқарудың басқа органдары мен шаруашылық бірлестіктері басшылары орынбасарларының жеке жауапкершілігін күшейту, міндет және өкілеттерін анық белгілеу, сондай-ақ олардың қызметі нәтижелілігін арттыру бойынша жаңа жүйені енгізуде баса назар аударудамыз. Сол мақсатта арнаулы қаулы да қабылдадық. Жоғарыда айтылған категорияға кіретін басшылардың орынбасарлары өздеріне біріктірілген тармақ және салалардағы қызметінің нәтижелілігі бойынша Өзбекстан Республикасы Президентінің алдында жеке жауапты, сондай-ақ Министрлер Кабинеті алдында есеп беру керек екені белгілеп қойылды. Басқаша айт­қанда, түрлі буындағы басшы орынбасарлары өз бастығының көлеңкесінде жүретін уақыт өтті. Енді олар да нақты міндеттер үшін жауап береді. Жеке жауапкерлік барлық басқару кеңселерінің қызметкерлері үшін басты норма болады.

    Бүгінде адамдарды қинаған проб­лемаларды жер-жерлерде, махалланың өзінде шешуге ерекше көңіл бөліп отырмыз. Облыс, аудан және қала әкімдері аптада екі күнді азаматтарды қабылдауға бөлуде. Сондай-ақ күндік қабыл­дау­лар жүйесі жолға қойылуда.

    Жалпы алғанда, әрбір әкімнің кабинеті “Халықты қабылдау бөлмесіне” айналуы тиіс. Сонда әрбір басшы аумақтағы шынайы жағдайдан толық хабардар болады, жұмысында өнім мен нәтижеге қол жеткізеді.

    Әрине, бүгінгі таңда адамдарды қайсы мәселелер мен проблемалар ойландыратынын, тәшпішке салып жатқанын жақыннан білуге септігі тиетін ашық көздер, ақпарат тармақтары көп. Әсіресе телевидение, баспасөз, Интернет өмір тынысын, керек болса, әрбір саланың “жүрек соғуын” анық сезінуде маңызы зор. Жеке өз басым бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік тармақтарда берілетін жаңалықтармен, солар арқылы білдіретін көкейтесті пікірлермен, жұртшылықтың назарын тартатын оқиғалармен мүмкіндігінше тікелей танысуға әрекет етемін.

    Бір сөзбен айтқанда, заманалық ақпарат технологиялары дамыған біздің заманымызда шынайы өмірден түгелдей үзіліп қалуға болмайды. Соған қарамастан, халықпен түрлі көріністегі, айталық, бұл жоспардағы шара немесе махаллаға, ауданға, кез-келген мекемеге күтілмеген жағдайда кіріп бару арқылы бола ма, жалпы, тікелей тілдесу әрқашан керек, деп санаймын.

    Азаматтар, кең жұртшылық тарапынан қызу талқыланып жатқан барлық проблема назар аударуды талап етеді. Оларды жоққа шығару мүмкін де емес. Әрине, қоғамдағы заң бұзылуына, әділетсіздікке, адам құқығына немқұрайды қатынасқа, сыбайлас жемқорлықпен байланысты жағдайларға атүсті қарауға болмайды. Жүйелі туындаған немесе кішігірім проб­лема бола ма, олардың барлығына дереу көзқарас білдіріп, соңына жету және шешу қажет.

    Мысалы, соңғы жылдарда түбегейлі реформалар кезеңіне қадам қойған елімізде даму індеті санал­ған — сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәйекті күрес жүргізілуде. Мысалдарға сүйенетін болсақ, 2020 жылғы түрлі дәрежедегі мансапты тұлғалар жасаған қылмыстар үшін 1723 тұлға қылмыстық жауапкерлікке тартылған. Олар жеткізген зиян 500 миллиард сумды құраған. Ал 2021 жылдың бес айында 1696 мансаптыға қатысты қылмыстық іс ашылған. Жеткізілген зиян 450 миллиард сумды құрауда.

    Осы материалдық залалдар айыптылардан өндіріп алынатынына шүбә жоқ. Сыбайлас жемқорлық бәлесін қоғамымыз өмірінен жоюға қаратылған саясат болашақта да қатаң жалғастырылады.

    Сұрақ. Елімізде тұрғындар үшін ең өзекті де өткір өміршең мәселе болған заманалық тұрғын үйлер, атап айтқанда, арзан үйлер құруға ерекше назар аударылуда. Болашақта осы бағыттағы істердің көлемі қандай болады?

    Жауап. Елімізде соңғы жылдарда заманалық тұрғын үйлер құру бойынша жаңа кезең басталды, деп беймарал айтуға болады. Мұның дәлелін соңғы төрт жылда алдыңғы жылдармен салыстырғанда 4-5 есе көп тұрғын үйлердің құрылғаны, биылдың өзінде 54 мың жанұяны жаңа үйлермен қамтамасыз ету бойынша кең көлемдегі құрылыс істерінің жүргізіліп жат­қаны мысалында айқын көру мүмкін.

    Біз өз алдымызға қойған ізгі мақсат — халқымызды разы ету жолындағы үлкен міндеттер, реформаларымыз, тіпті бүгінгі өмірдің өзі заманалық үйлер құру қарқыны мен сапасын тағы да арт­тыруды талап етуде.

    Біз бұрын тұрғын үй құрылысына заман талаптарына сүйеніп, осылай кеңінен жанаспағанымызды және қазіргідей кең көлемдегі құрылыс істерін жүзеге асырмағанымызды айтып өткен жөн.

    Біз осы жолда бастапқы қадамды қойып, үлкен тәжірибе арттырып отырмыз. Барлық аумағымызда халық үшін қолайлы да ықшам, заманалық қолайлылықтарға ие бол­ған тұрғын үйлер бой көтеруде. Ипотека базары дамуда. Тұрмысымызға “арзан тұрғын үйлер”, “ақылды үй”, “ақылды қала”, “цифрлы қызметтер” деген түсініктер мен дағдылар кіріп келе жатыр.

    Алдағы уақытта тұрғын үй қорын сондай дәрежеге алып шығуымыз керек, халықтың барлық буыны үй сатып алу және таңдау мүмкіндігіне ие болуы қажет.

    Әрине, осы орында түрлі проб­лемалар да бар, біз оларды жер-жерлердегі жергілікті басқару органдарымен бірге шешіп жатырмыз.

    Мысалы, көпқабатты үйлердің аралығындағы бос жерлерде құрылыстар жасау, мораторий жарияланғанына қарамастан, ағаштарды кесу, жасыл аумақтарды азайту жағдайлары көпшілікті ренжітуде. Кейбір басшылардың нем­құ­райдылығының немесе өз мүддесін ғана көздегені салдарынан тұрғын үй массивтерінде адамдар серуендейтін, спортпен шұғылданатын, перзенттерімен бірге таза ауада демалатын ашық орынның өзі қалмай барады.

    Әрине, мұндай жағдайларға қатысты қатаң шаралар қарастырмай тұра алмаймыз. Сондықтан да Ташкентте, тағы басқа да ірі қалаларда жаңа құрылыстарды қала сыртындағы аумақтарда жүзеге асыру шаралары белгіленуде. Тұрғын үй массивтері ішінде коммуналдық инфрақұрылымдар — газ, электр қуаты, ауызсу және канализация тармақтарын жаңғыртпай тұрып, жаңа ғимараттар құру практикасы жойылды.

    Сұрақ. Елімізде жастардың құқығы мен мүддесін қамтамасыз ету, олардың білім алуын, еңбек етуін, білімі мен қабілетін жарыққа шығаруы үшін қажетті жағдайлар жаратылуда. Елімізде 2021 жылдың “Жастарды қолдап-қуаттау және тұрғындар денсаулығын нығайту жылы” деп жарияланғаны мұның тағы бір іс жүзіндік көрінісі болды. Жаңа Өзбекстанды құру үдерісінде жастардың орны мен негізгі міндеттері нелер деп ойлайсыз?

    Жауап. Жастар — халқымыздың негізгі тірегі әрі сүйеніші. Кең көлемді реформаларымызды нәтижелі жүзеге асыруда олар шешуші күш болып алаңға шығуда. Заманалық білім алған, озық кәсіп-өнерлерді, инновациялық технологияларды, шет тілдерін жақсы меңгерген ұл-қыздарымыз елімізді одан да өркендетуде жетекші орын иелеуде.

    Белгілі болғанындай, жастар жаңаша пікірлеуге, жаңадан-жаңа идеяларды батыл ортаға салып, оларды жүзеге асыруға, проблемаларды оңды және стандартты емес жанасулармен шешуге қабілетті болады. Сондықтан қазіргі таңда жас ұрпақ өкілдерінің білім алуы, ғылым-білім, инновациялар, әдебиет, өнер және спорт саласындағы қабілеті мен әлеуетін жарыққа шығаруы, олардың қоғамымыздың әлеуметтік-саяси өміріне белсенді қатысуы үшін барлық жағдайды жаратуға баса назар аударып отырмыз.

    Имам Бұхари бабамыз жинақтаған қасиетті хадистердің бірінде. “Жас кезде үйренілген ілім тас­қа қашалған оюмен бірдей” деп айтылады.

    Ұлы ғұламаларымыз осындай хикметтерге жүгініп, ғылым-білім саласында ұлы ашуларды жүзеге асырғандары және жалпы адамзаттық ой-сананың дамуына шексіз үлес қосқандары тарихтан жақсы белгілі.

    Осындай ұлы дәстүрлерді жал­ғастырып, елімізде жаңа хорезмилерді, фарғонилерді, берунилерді, ибн синоларды, мырза ұлықбектерді, науаиларды тәрбиелеп жеткізу — міндетіміз ғана емес, тарих пен болашақтың алдындағы қасиетті борышымыз.

    Біз бұл жолда үлкен істерді бастадық. Елімізде жоғары білім мен біліктілікке ие, бәсекелестікке қабілетті кадрлар дайындау мақсатында жоғары оқу орындарының саны 141-ге жеткізілді, 26 шетелдік жоғары оқу орнының филиалдары ашылды. 2016 жылы республикамыздағы жоғары оқу орындарының саны 77 еді. Қысқа уақытта осы ретте дерлік екі есе өсуге қол жеткізгеніміз еш шүбәсіз, жастарымыздың, бүкіл қоғамымыздың интеллектуалдық әлеуетін арттыру, заманалық білімге, кәсіп-өнерлерге одан да жақындату жолындағы әрекеттеріміздің нәтижесі.

    Соңғы бес жылда жоғары оқу орнына қабылдау квотасы 3 есе арттырылып, үстіміздегі жылы 182 мың жас үшін студент болу мүмкіндігі жаратылды. Бұл — жалпы қамту 28 пайызға жетті дегені. Өзіңіз салыстырып көріңіз, 4 жыл бұрын бұл цифр небәрі 9 пайызды құрайтын еді. Бұл бағытта мемлекеттік гранттар 21 мыңнан 47 мыңға дейін көбейтілгені, өткен жылғы тәжірибемізді жаңа басқышқа көтеріп, мұқтаж жанұялардың 2 мың қызына биыл жоғары оқу орындарына кіру үшін арнаулы гранттардың бөлінгені жастарымыздың болашағын қамтамасыз етуге қаратылған іс жүзіндік назарымыздың үлгісі болмақ.

    Біз 2030 жылға дейін мектеп, лицей және колледж бітірушілерін жоғары біліммен қамту дәрежесін 50 пайызға жеткізуді жоспарлағанбыз, бұған әлбетте қол жеткіземіз.

    Биыл Ташкент қаласында ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін “Жаңа Өзбекстан” университеті құрылды. Бұл университет еліміздегі барлық жоғары оқу орындарына үлгі болады. Ең білімді де дарынды жастарымыз осы жерде оқиды.

    Біз үздіксіз ұлттық тәлім-тәрбие жүйесінің барлық басқышын үйлесімді әрі тепе-тең дамытуға ерекше назар аударып отырмыз. Соңғы төрт жылда балаларымызды мектепке дейінгі біліммен қамту дәрежесі алдыңғы 27,7 па­йыздан 2 есе артып, 60 па­йызға жеткені, балабақшалардың саны 3 есе көбейіп, 14 мыңнан асқаны осындай реформаларымыздың нәтижесі.

    Бүгінде елімізде “Жаңа Өзбекстан мектеп босағасынан басталады” деген идея негізінде мектептің білім беру жүйесінде де үлкен өзгерістер жүзеге асырылуда. Ташкент қаласында және аумақтарымызда Президент мектептері, шығармашылық және маманданды­рыл­ған мектептердің саны көбеюде.

    “Бес маңызды бастама” бағдарламасы, “Баркамол авлод” орталықтары аясында жастардың бос уақытын мазмұнды өткізу үшін биылдың өзінде 36 мың қосымша үйірме ұйымдастырылып, 874 мыңға жуық бала оларға жұмылдырылды. Сонымен қатар білім беру мекемелеріне, кітапханалар мен оқу орталықтарына дерлік 100 мың өнер және спорт жабдықтары, компьютерлер, 600 мыңға жуық кітап жеткізіп берілді.

    Әсіресе, өскелең ұл-қыздарымыздың кәсіпкерлік саласындағы идеялары мен бастамаларын жүзеге шығару, оларды жұмыспен және табыс көзімен қамтамасыз етуге мемлекет дәрежесінде назар аударылуда. Осындай назардың арқасында соңғы төрт жылда 30 жасқа дейінгі кәсіпкерлердің саны 5 есе көбейіп, 500 мыңнан асқаны, еш шүбәсіз, осы саланың дамуында маңызды рөл атқаруда. Биылдың өзінде 92 мыңнан астам жастың кәсіпкерлік жобалары үшін 2 триллион 300 миллиард сум жеңілдетілген несие бөлінгені осындай жастарымыздың қатарын тағы да кеңейтуге қызмет етеді.

    Махаллаларда ұйымдастырылып жатқан кәсіп-өнерге оқыту курс­тарында мыңдаған ұл-қызымыз еңбек базарында сұранысы жоғары заманалық кәсіп-өнерлерді иелеп отыр.

    Осы жылдан бастап, әрбір ауданның мүмкіндігі мен даму бағытына сүйеніп, ауылдарда жас­тар­ға 10 сөтіктен 1 гектарға дейін жер алаңдарын бөлу басталды. Нәтижеде ауылда жасайтын 230 мыңнан астам жасқа 61 мың гектар жер алаңы бөлінді. Сондай-ақ астықтан босаған жерлердің тағы 75 мың гектары 170 мың жас­қа қайта егін егу үшін бөлінді.

    Жастардың арасында кембағалдықты азайтуда, оларды өзін-өзі жұмыспен қамтуды ынталандыруда “Жастар дәптері”, жастар бағдарламалары аясында жүзеге асырылып жатқан істеріміздің маңызы зор болуда. Осы жылдың 8 айы барысында “Жастар дәптеріне” кіргізілген 430 мың жігіт-қыздың проблемаларын шешу үшін 300 миллиард сум қаржы бағытталды. Атап айтқанда, “Темір дәптердегі” жанұялардың перзенттері болған 2 мыңнан астам студенттің келісімшарт төлемдері төленді.

    Биылдан бастап жұмыс берушілерге олардың 25 жастан аспаған жұмысшы-қызметкерлері үшін санал­ған әлеуметтік салық мөлшерін бюджеттен толық қайтарып беру тәртібі енгізілді. Нәтижеде үстіміздегі жылдың екінші жартысында 170 миллиард сум, ал келесі жылы 500 миллиард сум қаржы 240 мың жасты жұмысқа қабылдаған кәсіпкерлердің иелігінде қалады.

    Студент-жастарды қолдап-қуаттауға қаратылған жаңа жүйе негізінде жатақханамен қамтылмаған 62 мың ұл-қызымызға айлық жалдау төлемінің 50 пайызы бюджеттен төлеп берілді.

    Әрине, бұл реттегі істеріміз дәйекті жалғастырылып қана қоймай, одан да жоғары басқышқа көтерілуде. Сол мақсатта 2021 жылдың 13 июлінде қабылданған “Жас­тарды жан-жақты қолдап-қуаттау және олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға қатысты қосымша іс-шаралар туралы” жарлық осы пікірді дәлелдейді.

    Аталмыш құжатта еліміздің жастары үшін қосымша 30-дан астам жаңа жеңілдік және мүмкіндік жарату көзделген. Осындай мүмкіндіктердің тек біреуі туралы айтып өтпекпін. “Темір дәптерге” кіргізілген отбасылардың жоғары оқу орындарында оқитын перзенттерінің 2021-2022 оқу жылындағы келісімшарт ақшасы бірінші оқу жылы үшін Мемлекеттік бюджет есебінен төлеп беріледі. Мұндай мүмкіндікті еліміз бойынша 4 мыңнан астам жанұяның перзенттері пайдаланады. Ол үшін бюджеттен 29,2 миллиард сум бөлінеді.

    Елімізде ата-анасы жоқ, мейірімге мұқтаж балаларды қолдап-қуаттау, олардың тәлім-тәрбие алуы, жұмыс орны мен үйге ие болуы, қоғамнан лайықты орын иелеуі, “Мейірбандық үйлерінің”, арнаулы мектеп-интернаттар мен “Балалар қалашығының” материалдық-техникалық базасын, кадрлар әлеуетін нығайтуға баса назар аударылуда.

    Әсіресе, “Мейірбандық үйлеріндегі” балаларды жанұяға жақын ортада тәрбиелеу, білімді, кәсіп-өнерлі, руханиятты, отансүйгіш адамдар етіп ұлғайту — баршамыздың парызымыз. Солардың барлығын ескеріп, “Мейірбандық үйлерінде” және арнаулы мектеп-интернаттарда тәлім-тәрбие нәтижелілігін арттыру бойынша жаңа жүйені енгізіп отырмыз.

    Осындай оқу-тәрбие мекемелері тәрбиеленушілерінің проблемаларын үйрену, шешу, олардың арман-тілектерін жарыққа шығару бойынша жаңа жүйе “Мейір дәптері” енгізілуде. Сондай-ақ жетім және ата-ана қарамағынан мақрұм болған балаларды үймен қамтамасыз ету тәртібі белгіленді. Соған орай өзіне біріктірілген үйге ие болмаған және үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған осындай балаларға олар 18 жасқа толған жылы жалпы алаңы 25 шаршы метрден аз болмаған 1 бөлмелі, кәмелетке толған балалар арасында неке құрылған жағдайда 50 шаршы метрден аз болмаған 2 бөлмелі пәтерлер бөлінеді.

    Адамгершілік рухымен суарылған осындай реформаларымыз ұлы Әлішер Науаи бабамыздың бір көңілі өксік адамды қуанту — Қағбаны абат етумен тең, деген терең мағыналы сөздеріне, мейір-шапағат, адамгершілік сынды қасиеттерді әрқашан қадірлеп, ұлықтап жасайтын халқымыздың арман-тілектеріне жан-жақты үйлесімді деп ойлаймын.

    Мен еліміздің қайсы аумағында, қаласы мен ауылында болмайын, әлбетте, сол жердегі жастармен кездесемін, ашық та шынайы сұхбаттарда олардың денсаулығымен, оқуымен, арман-ұмтылыстарымен, ауылындағы немесе махалласындағы жағдайлармен қызығамын.

    Білесіз бе, дүниедегі мемлекеттердің, халықтардың даму дәрежесін көрсететін нормалар, пара­метр­лер көп, бірақ мен үшін осы орындағы ең маңызды норма — бұл жастарымыздың бақыты.

    Жаңа Өзбекстанның тынысын, қарқынын алдымен ғазиз ұл-қыздарымыздың күш-қайратында, батыл пікірі мен ұсыныстарында, қол жеткізіп жатқан алғашқы жетістіктерін де көремін.

    Жуырда 30 июнь — Жастар күнінде өскелең ұрпағымыздың өкілдерімен тағы бір рет кездесіп, олардың түрлі салалардағы ізденістерін көріп, қатты қуандым.

    Перзенттері әрқашан ізденісте, ұмтылыста болған, жоғары мәрелерді көздеп, алға қарай ұмтылатын халық пен мемлекет өз алдына қойған мақсаттарға сөзсіз жететініне сенімім кәміл. Өйткені мұндай әрекеттер ертең құдіретті толқынға айналып, өмірімізді бүгін кешегіден, ертең бүгінгіден жақсы әрі абат етуге, ой-санамызды жоғарылатуға әкеледі.

    Сұрақ. Елімізде соңғы жылдарда адам құқығы мен еркіндігін қамтамасыз ету барысында қол жеткізіліп жатқан жетістіктер туралы сөз болғанда, қыз-келіншектердің оқуы, білім алуы, олардың денсаулығын сақтау, еңбек етуі, олардың дарыны мен қабілетін жарыққа шығару, ана мен баланы қорғау, гендерлік теңдік бойынша жүзеге асырылып жатқан кең көлемді істер бірінші кезекте тілге алынуда. Мұның себебі неде?

    Жауап. Мұның себебі, әрине түсінікті. Өйткені әлемдегі әрқандай халықтың, мемлекет пен қоғамның өркениет және мәдениет дәрежесі алдымен олардың әйелдерге деген қатынасымен белгіленеді.

    Әйел бар екен, жанұя деген қасиетті қорған, перзент деген қымбат жеміс бар. Әйелдеріміз бақытты болса әрине, жанұямыз, қоғамымыз да бақытты болады.

    Қыз-келіншектер барша сала және тармақтарда еркектермен теңдей құқыққа ие болып, жоғары құрмет-ізетте жасаған елде әрине, тыныштық пен ауызбірлік, өсу мен даму болады.

    Сондықтан да біз үшін ұлы Ана рәмізі саналған әйелді халқымыз ежелден ұлықтап, қадірлейді.

    Адамзатқа ғасырлар бойы ме­йірім сезімін дарытып, оны сұлулық, адалдық, отансүйгіштік рухында тәрбиелеп келе жатқан ғазиз адам да аналарымыз.

    Бұл өмірде неге, қандай жетістік пен нәтижелерге жеткен болсақ, олардың барлығы аяулы да мейірбан аналарымыздың арқасында. Сондықтан біз қыз-келіншектеріміздің алдында әрқашан қарыздарлық сезімімен жасаймыз. Оларға әрқандай мейір мен қам­қорлық көрсетсек, арзиды.

    Еліміз халқының дерлік жартысын құрайтын аяулы аналарымыздың, әпке-қарындастарымыздың құқығы мен мүддесін қамтамасыз ету, әйелдердің қоғамдағы орны мен беделін арттыру барысында мемлекет саясатын жүргізуде біз осындай құндылықтарға сүйенеміз.

    Соңғы жылдарда осы маңызды мәселенің іс жүзіндік орындалуына қаратылған 24 құжат, атап айтқанда, 2 заң, Президенттің 6 жарлығы мен қаулысының, Министрлер Кабинетінің 16 қаулысының қабылданғаны әпке-қарындастарымызға деген жоғары назар мен қамқорлықтың көрінісі болмақ.

    Құрметті әйелдеріміз өміріміздің барша саласына белсене қатысып, Жаңа Өзбекстанды құруға шексіз үлес қосуда. Олардың арасында депутаттар мен сенаторлар, министр және әкімдер, академиктер, профессорлар, Өзбекстан ҚаЅармандары, Халық оқытушылары, Халық ақындары, Халық әртістері бар екенін баршамыз жақсы білеміз.

    Қазіргі таңда елімізде Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша комиссия, Олий Мажлис Сенатының Әйелдер және гендерлік теңдік мәселелері комитеті, Республикалық әйелдер қоғамдық кеңесі сынды құрылымдар әпке-қарын­дас­тарымыздың мүддесін қорғауда маңызды рөл атқаруда.

    Елімізде қыз-келіншектерді жұмыс орындарымен, тұрғын үймен қамту, оларға медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Бұл бағытта әйелдерді кәсіп-өнерлерге қайта оқыту орталықтары енгізілгені, арзан тұрғын үйлер бағдарламасының жүзеге асырылып жатқаны үлкен маңызға ие. Әр жылы қиын тұр­мыс­тық жағдайда жасайтын әйелдердің тұрғын үй бойынша бастап­қы төлемдері мемлекет бюджеті есебінен төлеп берілуде.

    Қоғам өміріне белсене қатысатын, түрлі салаларда үлгілі нәтижелерге қол жеткізген, саламатты да кемел ұрпақты тәрбиелеуге лайықты үлес қосып жатқан әпке-қарындастарымыз 8 март — Халықаралық әйелдер мерекесіне, Тәуелсіздік күніне, түрлі кәсіби мерекелерге байланысты мемлекетіміздің жоғары сыйлықтарымен, сондай-ақ “Муътабар аел” төсбелгісімен марапатталуда.

    Зұлфия атындағы мемлекеттік сыйлықпен марапатталған қыздардың саны 367-ге жеткені де осындай істеріміздің қатарына кіреді.

    Сұхбатымыздың басында айтыл­ғанындай, “Әйелдер дәптері” жүйесі негізінде қыз-келіншектер арасында кембағалдық пен жұмыссыздықты жою бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде.

    Сұрақ. Елімізде отбасыларымыздың ырыс-берекесі болған қарт буын өкілдеріне, қадірлі ардагерлерімізге ерекше мейір мен қамқорлық көрсетілуде. Бұл бағыттағы іс жүзіндік істердің алдағы дамуы туралы да пікіріңізді білмекші едік.

    Жауап. Мен үнемі бүгінгі тыныш, еркін де әл-ауқатты өміріміз туралы ойлағанымда, мұндай жарық күндерге жетіп келуде қаншама ұрпақ өкілдері, ата-бабаларымыз тынымсыз еңбек еткенін, өз басына түскен барлық сынақ пен машақаттарды сабырлылықпен жеңіп өткендерін терең ризалықпен еске аламын. Олар өздері қиналып болса да, бізді осындай тыныш та бейбіт күндерге жеткізгендері — бұл ешнәрсемен өлшеуге, бағалауға болмайтын үлкен ерлік, жанқиярлық әрі қаЅармандық.

    Сол үшін де осындай табанды да жанкүйер бабаларымыздан өткендердің жадын ұлықтап, әрқашан терең құрметпен еске алу, бүгін арамызда жасап жатқан қадірлі ардагерлерімізді жан-жақты ардақтау — қасиетті борышымыз.

    Ең маңыздысы, осындай сауапты істеріміз жастарымызға әрі тәрбие және үлгі мектебіне айналады.

    Әрине сіздер, журналистерге жақсы белгілі — елімізде қарт буын өкілдерін қолдап-қуаттау, олардың мазмұнды өмір сүруі үшін қажетті жағдайларды жарату барысында үлкен істер жасалуда. Атап айт­қанда, зейнетақы мен төлемақыларды ресімдеу, оларды өз уақытында төлеу, түрлі әлеуметтік қызметтерді пайдаланумен байланысты қиыншылықтар мен проблемалар жойылды. Қоғамымыздың өміріне белсене қатысып келе жатқан ата-әжелеріміз “Нуроний” қоры тарапынан материалдық және рухани ынталандырылуда.

    Қарт буын өкілдерінің денсаулығын сақтау, оларға республикамыздағы түрлі санаторийлер мен демалыс үйлеріне жеңілдетілген жолдамалар беру, мереке күндерінде оларды ерекше құттықтау, тұрақты ізет-құрмет көрсету игі дәстүрге айналуда.

    Қайталап айтамын, өз уақытында бар күш-қайратын, білімі мен әлеуетін Отанымыздың дамуына, халқымыздың жасампаздығына арнаған осындай тәбәрік адамдардың алдында біз өмір бойы қарыздармыз. Қазірлі ардагерлеріміздің өмірін одан да көрікті ету, олар өздерінің бай тәжірибесімен, пайдалы кеңестерімен әлеуметтік өмірімізде әсіресе, Жаңа Өзбекстан жастарын тәрбиелеуге одан әрі белсене қатысулары үшін қосымша мүмкіндіктер жаратамыз.

    Бұл мәселелерге ерекше тоқталып айтып отырғаным әрине, бекер емес. Біз Жаңа Өзбекстанды құру үдерісінде халқымызды разы етуді өз алдымызға ұлы мақсат етіп қойған екенбіз, мұны қоғамымыздың әрбір мүшесі өз өмірінде сезінуі біз үшін өте маңызды.

    Бүгінде еліміздің барша аумағында үш ұрпақ өкілдері арасында шынайы кездесулердің өткізіліп жатқаны, оларға құрметті ардагерлеріміз белсене қатысып, өздерінің еңбек және өмірлік тәжірибесі, бүгінгі тыныш та жарық күндердің қадірі мен маңызы туралы білдірген пікірлері жастарымыз үшін шынайы тәрбие мектебі болып қызмет етуде.

    Сұрақ. Ең ұлы және ең ғазиз мереке — Тәуелсіздік мерекеміз қарсаңында газетіміздің беттерінде түрлі мамандық иелері болған отандастарымыздың ізгі тілектері берілуде. Сіз Отанымыз Тәуелсіздікке қол жеткізген бірінші күндерден бастап елімізде жаңа мемлекет пен қоғам құру үдерістеріне белсене қатысып келген атақты басшы, ал бүгінде Жаңа Өзбекстанды құру концепциясының басшамашысы және оны жүзеге асыру жолынан бүкіл халқымызды нық қадаммен алға бастап бара жатқан ұлттық жетекші, Президент ретінде осы мерекеге байланысты халқымызға қандай тілектер білдірген болатын едіңіз?

    Жауап. Әрине, еліміз тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай біз барша сала бойынша дамуымыздың қорытындыларын терең талдап, алдағы жоспарларымызды тағы да нақты белгілеп аламыз. Әсіресе еліміздегі әрбір адамның құқығы мен еркіндігін, заңды мүддесін қамтамасыз ету, халқымыздың одан да еркін де әл-ауқатты жасауына қол жеткізу біз үшін бұдан былай да басты мақсат болып қалады.

    Мен үшін Өзбекстан Республикасы Президенті ретіндегі қызметімнің мән-мазмұнын құрайтын ең ұлы мақсат — халқымыздың тыныш, еркін де әл-ауқатты өмір туралы арман-үміттерін жарыққа шығару жолында бар күшіммен белсенді қызмет ету.

    Баршамызға ырыс-несібе берген, аялап өсірген еліміздің алдында біз әрқашан қарыздармыз. ўазиз де ардақты халқымыздың ризалығына қол жеткізу — біз үшін ең ұлы бақыт. Өйткені халық бізге риза болса, Жаратқан да риза болады.

    Қаншадан-қанша бабаларымыз армандап өткен осындай ұлы істерді жүзеге асыру бүгін бізге несіп еткен екен, біз өздігін сезінген әрбір отандасымыз үшін нағыз бақыт әрі мақтаныш емес пе?

    Біз сүйікті Отанымызға деген шексіз мейіріміміз бен адалдығымызды қасиетті ту етіп, бар біліміміз бен тәжірибемізді, интеллектуалды іске қосып, бір халық, бір ұлт болып, көздеген ізгі мақсаттарымызға әлбетте жететінімізге сенімім мол.

    Жаңа Өзбекстан әлем аренасында күшті әлеуетке, лайықты абырой-беделге ие, жан-жақты абат та жасампаз елге айналады.

    Мен бұған сеніп қана қоймай, осы жолда бар білімім мен тәжірибемді, күш-қуатымды жұмсауға әрқашан дайынмын. Барша отандастарымызды осындай ұлы лепте — Жаңа Өзбекстан жасампаздары қатарында болуға шақырамын.

    Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, көп ұлтты халқымызды жақындап келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Әрбір отбасына, отандастарымыз­ға тыныштық, құт-береке, бақыт тілеймін.