Үстіміздегі жылдың январь айында «Узбекнефтгаз» акционерлік қоғамының иелігіндегі мұнай-газ өндіру және өңдеу басқармалары мен кәсіпорындарында көмірсутегі шикізатын өндіру мен қайта өңдеуді арттыруға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, көмірсутектерді қазып алуды ұлғайту бойынша кешенді шараларды дер кезінде жүзеге асырудың нәтижесінде ағымдағы жылдың январь айында 9 ұңғыма бұрғыланып, 37 ұңғыма күрделі жөндеуден өтіп, 1 технологиялық нысан салынып, пайдалануға берілді.
Осы шараларды дер кезінде жүзеге асыру нәтижесінде қосымша 27,0 миллион текше метр табиғи газ, 382 тонна газ конденсаты және 94 тонна мұнай өндірілді, деп хабарлайды «Узбекнефтгаз» АҚ-ға сілтеме жасаған Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Жоғарыда аталған геологиялық-техникалық шараларды жүзеге асыру және қолданыстағы ұңғымаларды тиімді пайдалану нәтижесінде 2022 жылдың январь айында «Узбекнефтгаз» АҚ мұнай мен газды қазып алу және қайта өңдеу бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы төмендегідей:
Табиғи газ – 2 859 миллион текше метр, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,8%;
- Мұнай – 9,4 мың тонна, жоспар 102,0%;
- Конденсат – 125,9 мың тонна, жоспар 102,0%;
- сұйытылған газ – 59,4 мың тонна, жоспар 104,4%;
- Күкірт – 21,0 мың тонна, жоспар 103,3%;
- Автобензин – 86,1 мың тонна, жоспар 109,3%;
- Дизельдік отын – 20,3 мың тонна, жоспар 144,0%.