Жапония компаниялары жаңа болашағы зор бағыттар бойынша тендерлерге қатысуға шақырылды

    Астанамызда «мемлекет және бизнес» форматында ұйымдастырылған дөңгелек үстел сұхбатына Жапонияның Ресеймен және жаңадан тәуелсіздік алған елдермен сауда бойынша ROTOBO бірлестігіне мүше болған ірі компаниялардың басшылары қатысты.

    Жапония тарапынан ROTOBO президенті Масами Иижима мен Өзбекстаннан Премьер-министрдің орынбасары Жамшид Ходжаевтың басшылығымен өткен шараға Өзбекстанның негізгі министрліктері мен кеңселердің басшылары қатысты.

    Ағымдағы біріккен жобаларды және Өзбекстан-Жапония сауда-инвестициялық ынтымақтастығын дамыту болашақтарын талқылау барысында елімізде кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдап-қуаттауда жеңілдіктер мен преференциялар бар екені атап өтілді. Атап айтқанда, шағын кәсіпкерлік саласында екі жүзден астам түрдегі лицензия мен рұқсат беру тәртіп-қағидаттары жойылды, салықтардың жалпы саны қысқартылды, ал кейбіреулерінің мөлшерлемесі екі есеге төмендетілді. Кездесу барысында Өзбекстанда жапондық бизнесмендердің кездесетін проблемалары да көтерілді және оларды шешу механизмдері талқыланды.

    Қатысушылар басым секторлардағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын таныстыруға ерекше назар аударды.

    «Жапония әлемде біріншілерден болып 2050 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді мақсат еткен. Ол «жасыл энергия» саласында жетекші орынды иелеп келеді. Гидроэлектр станциялары мен жылу электр станцияларына баламалы құрылғы жарату болашақта энергия тапшылығының алдын алуда қажетті іс-шаралардың бірі болып табылады. 2026 жылға дейін Өзбекстанда 5ГВт күн энергиясы мен 3 ГВт жел энергиясын қамтыған қосымша энергия қуаттарды жарату жоспарлануда. Жапондық компанияларды Өзбекстан Республикасы аумағында күн және жел электр станцияларын, сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаттары негізінде құру бойынша тендерлерге қатысуға шақырамыз», - деді Премьер-министрдің орынбасары Жамшид Ходжаев.

    Өзбекстан-Жапония ынтымақтастығының басқа да маңызды салалары қатарында тау-кен өнеркәсібі, машинажасау, фармацевтика, химия және тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы сияқты салалар да белгіленді.

    IT және инновациялар саласындағы Жапонияның ең үздік кибер, био және нанотехнологияларын трансферлеуге, сондай-ақ, Жапония инновациялары мен ғылыми әзірлемелерін Өзбекстанның инфрақұрылымдық және кадрлық әлеуетімен үйлестіруге қызығушылық білдірілді.

    Өзбекстанның салалық министрліктері мен кеңселердің басшылары арнайы баяндамалар мен ұсыныстар жасады. Сонымен қатар Жапонияның «ITOCHU Corporation», «Sumitomo Corporation», «Sojitz Corporation», «Mitsubishi Corporation», «Mitsui&Co., Ltd» компанияларының басшыларына сөз берілді. Жаңа жоба мен бастамаларды әзірлеу және іс жүзіне енгізу шараларын қарастыруға өзара дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.