Мұндай жағдайда адам денесі физиологиялық тұрғыдан қалпына келеді, тіндер беріктенеді, жасушалар жаңарады, ақпарат ұзақ уақыт есте сақталады. Ұйқы дененің барлық мүшелеріне пайдалы әсер көрсетеді. Бұл кезде жүрек соғысы баяулап, бір қалыпты ырғаққа түседі.
Түнде жиі оянып кететін адамдарда жүрек ритмі бұзылуы мүмкін. Ұйқысыздыққа ұшырайтын адамдарда дірілдейтін аритмия – яғни жүрек соғысының жылдамдап, қан айналымының нашарлау қаупі артады.
Сонымен қатар, күндізгі тұрақты ұйықтау жүрек талмасы мен инсультке шалдығу ықтималын төмендетеді. Бұл туралы Nature (“Табиғат”) журналында ұйқы мен жүрек қызметін байланыстыратын механизмдер егжей-тегжейлі баяндалған.
Mаунт-Синай медициналық орталығының (АҚШ) мамандары жүрек зақымдануының ұйқыға қалай әсер ететінін зерттеген. Зерттеу көрсеткендей, кез келген зақым иммун жүйесін белсендіреді, иммундық жасушалардың қабыну сигналдарына жауап беріп, молекулалық қалдықтарды жояды және жараның жазылуына көмектеседі. Дегенмен, бұл үдеріс әрдайым оң нәтиже бермейді, қабыну сау жасушаларға кері әсер етіп, жара орнында біріктіретін тіннің пайда болуына әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ, қабынуды қоздырғыш молекулалар ұйқыға да әсер етеді. Адамның иммун жүйесі мен миы арасында күрделі байланыс бар. Мысалы, ағза әлсіресе, мидың химиялық құрамында өзгерістер болып, бұл ұйқыға деген құштарлықты және оның сапасын басқарады, деп түсіндіреді (nkj.ru).
Қорытындылай келе, ұйқы – бұл жай демалыс қана емес. Ол жүрек саулығын сақтауға арналған табиғи қорғаныс, ағзаны қалпына келтіретін маңызды шипа.