Жастар парламенті мен Өзбекстан жастар одағының Ташкент қалалық Кеңесі арасында меморандум жасалды

    Үстіміздегі жылғы 14 августа Өзбекстан жастар одағы Ташкент қалалық Кеңесінің жауапты қызметкерлері мен Одақтың жоғары оқу орындарындағы бастауыш ұйымының жастар жетекшілері Сенатта болды.

    Кездесуде Олий Мажлис Сенаты жанындағы Жастар парламенті мен Өзбекстан жастар одағының Ташкент қалалық Кеңесі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

    Меморандумның негізгі мақсаты – жастарға қатысты мемлекеттік саясатты іске асыруда және жастар арасында құқықтық білім мен дағдыларды қалыптастыруда өзара бірлесу, студент-жастарды заң шығару үдерісіне және нормативтік құқықтық құжаттардың орындалуы бойынша қоғамдық мониторинг жүргізуге жұмылдыру, семинарлар, конференциялар және дөңгелек үстел сұхбаттары сияқты іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру.

    Меморандумда Жастар парламенті Жастар одағымен бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтасатындығы айқындалды.

    Олардың қатарына жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапты ұйымдармен бірлесе отырып проблемалар мен ұсыныстарды шешу, саяси-құқықтық рухтағы медиа-жобалар кіреді.

    Кездесуден соң қатысушылар Сенат ғимаратымен және оның қызметімен танысып, Жастар парламентінің мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ ұйымдастырушылық құрылымы туралы толық ақпарат алды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates