«Юксалиш» қозғалысы Жалақұдықтағы «Ғалаба» махалласының тұрғындарын тұрмыстық газ баллондарымен қамтамасыз етуге көмектесті

    Ел назарында 5 Aprel 2022 1587

    «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысы Еуропа Одағының қаржылық қолдауымен «Өзбекстанның шалғай ауылдық жерлеріндегі пандемия жағдайында шешім қабылдауға мұқтаж тұрғындардың қатысуын арттыру» жобасын жүзеге асыруда.

    Жоба аясында Әндіжан, Самарқант және Қашқадария облыстарының 6 шалғай аудандарындағы 12 махалланың шағын инфрақұрылымын жақсартуға көмектесу көзделген.

    Үстіміздегі жылдың 4 апрелінде Әндіжан облысының Жалақұдық ауданы «Ғалаба» махалласының тұрғындарына құны 90 миллион 420 мың сум болатын 165 тұрмыстық газ баллондарын тапсыру рәсімі өтті. Шараға жобаны ұйымдастырушылар, аудан әкімдігінің, аудандық газбен қамту бөлімінің өкілдері, қоғам белсенділері қатысты.

    Қазірде «Ғалаба» махалласы халқының саны 3400-ден асады. Мыңнан астам отбасы, 740 пәтер бар. Көгілдір отын алмаған халыққа сұйытылған газ берілуде. Дегенмен, тұрғын үйлерді газ баллондарымен толық қамтамасыз етуде проблемалар бар.

    Өткен жылы жазда жобаның жұмысшы тобы қоғам белсенділерімен кеңесіп, тұрғындардың тұрмыстық газ баллондарына қажеттілігін анықтаған болатын. Осыдан кейін Еуропа Одағы тарапынан жобаға бөлінген қаржының бір бөлігі «Ғалаба» махалла азаматтар жинынының тұрғындарын тұрмыстық газ баллондарымен қамтамасыз етуге бағытталады. Он жылдан бері Хақиқат, Кунчибоқ, Дилкаш, Дустлик көшелерінің тұрғындарын қинаған мәселенің енді шешімі табылды.

    Әрбір ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерін анықтау, шешу жолдарын ұсыну, жергілікті қаулы қабылдау үдерісіне халықтың өзі белсенді атсалысатынын атап өткен жөн. Бұл ретте кімнің қай үйде тұратынын, не қажет екенін жергілікті тұрғындардың өзі жақсы білетіндіктен, мәселені анық елестетуге болады.

    Мұндай бағыттарда беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдардың халықаралық донорларды жұмылдырып, жүзеге асырып отырған жобалары үкіметке көмек болады, халықтың әл-ауқатын одан да жақсартады.

    Ақпарат үшін: Еуропа Одағы Өзбекстандағы азаматтық қоғам ұйымдары арқылы COVID-19 пандемиясының әсерін азайту үшін 1 миллион еуро көлемінде Бағдарламаны іске қосты. Бұл Бағдарлама аясында «Юксалиш» қозғалысының «Өзбекстанның шалғай ауылдық жерлеріндегі пандемия жағдайында мұқтаж тұрғындардың шешім қабылдауға қатысуын арттыру» жобасына шамамен 400 мың еуро бөлінген.

    Осы жоба жұмыс басталғаннан бері (2021 ж. апрель) еліміздің 6 облысында – Пахтачи, Қошрабат, Қаршы, Шырақшы, Жалақұдық аудандарында және Ханабад қаласындағы 12 шалғай махаллада 350 мұқтаж отбасына 1,3 миллиард сум көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді, сондай-ақ 12 медициналық мекеме жалпы 280,5 миллион сумдық қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

    Жоба жалғасуда. Алдағы уақытта тағы 11 махалланың инфрақұрылымын жақсарту жоспарлануда (оның ішінде көшелерге қиыршық тас төсеу, электр бағаналары, трансформаторлар орнату және т.б.) істерін орындау жоспарланған.

    «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates