Өзбекстан Президенті зергерлік өнеркәсібін дамыту бойынша ұсыныстармен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёевке зергерлік өнеркәсібін одан әрі дамыту, зергерлік бұйымдарды өндіру мен сатуды қолдауға және дайын өнімнің экспортын арттыруға бағытталған шаралар ұсынылды.

    Өзбекстанда зергерлік бұйымдарды өндіру мен экспорттауды арттыруға өте үлкен мүмкіндік бар.

    Мемлекет басшысы республикада өндірілетін алтынның 6 пайызы ғана өңделіп, бар болғаны 78 миллион доллардың экспорты жүріп жатқанын айта келе, кәсіпкерлерге ерекше жағдай жасалған зергерлік аймақтарды құру, саланы шикізатпен қамтамасыз ету, мамандарды даярлау, өндіріс тізбегі мен сату жүйесін толығымен қайта қараудың маңыздылығына тоқталды.

    Осыған орай Экономика және қаржы министрлігі мен Сауда-өнеркәсіп палатасы тиісті ұсыныстарды әзірледі.

    Атап айтсақ, «Узбекзаргарсаноати» бирлестігінің қызметін жетілдіру, оның өкілеттіктерін кеңейту және басқару жүйесін қайта құру жоспарланған.

    Саладағы өндірушілерді қолдау мақсатында «Хунарманд» бірлестігінің мүшелеріне берілген жеңілдіктерді «Узбекзаргарсаноати» бірлестігіне мүше зергерлік бұйымдар жасайтын жеке кәсіпкерлерге де қолдану ұсынылды.

    Сондай-ақ, 2026 жылдың 1 қазанына дейін Өзбекстанда өндірілмейтін және зергерлік өнеркәсібінде қолданылатын құрал-жабдықтар, орауға және таңбалауға арналған өнімдерге кедендік баж салығы мен қосылған құн салығын алып тастау мүмкіндігі зерттелуде.

    Өндіріс, көрме және сауда алаңдарын қамтитын арнайы зергерлік орталықтарды құру мәселелері қаралды. Осыған орай Ташкент қаласы мен Наманган облыстарында пилоттық жобаларды орналастыру туралы ақпарат берілді.

    Зергерлік бұйымдар экспортын арттыру мәселесі қозғалды. Екіжақты келісім бойынша Өзбекстан аумағында өндірілген зергерлік бұйымдарды GSP жүйесі бойынша Америка Құрама Штаттарына экспорттау үшін кедендік алымдардың нөлдік мөлшерлемесін белгілеу ұсынылды.

    Мемлекет басшысы талқыланған шараларды пысықтап, жергілікті зергерлік бұйымдар өндірісін дамытудың 2027 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

    No date selected
    June 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates