Көпір екі ел арасындағы алғашқы автомобиль өткеліне
айналды. Ол 1959 жылдан бері Ресей мен КХДР-ды байланыстырып келе жатқан
қолданыстағы «Достық көпірі» теміржол өткелінің жанында салынған, деп хабарлады
Kazinform.
Көпірдің ашылуымен қатар «Хасан» шекаралық
бақылау-өткізу пунктінің құрылысы да аяқталды. Нысан 10 қозғалыс жолағына
есептелген, ал оның өткізу қабілеті сағатына 300-ге дейін көлік құралын
құрайды.
Ресей премьер-министрі Михаил Мишустиннің айтуынша,
шекара маңындағы көлік инфрақұрылымын дамыту Ресей мен КХДР арасындағы
сауда-экономикалық, ғылыми-технологиялық және мәдени ынтымақтастықты кеңейтуге
жағдай жасайды.
Жаңа автомобиль өткелі сондай-ақ шекара маңындағы
аумақтарды дамытуға және екі мемлекет арасындағы көлік қатынасының көлемін арттыруға
ықпал етеді деп күтілуде.