Бұл туралы Энергетика министрлігі өнім саудасына қатысты берген ресми түсініктемесінде мәлімдеді.

Атап өтілгендей, аталған бензинді технологиялық қайта өңдеу арқылы жоғары октанды жанармай және басқа да химиялық өнімдер өндіруге қолданылады.

Биржа саудасының талаптарына сәйкес, AI-80 жанармайды тек тиісті лицензиясы бар қайта өңдеу кәсіпорындары ғана сатып ала алады.

Сондықтан бұл өнімнің биржа саудасына шығарылуы AI-80 жанармайды жанармай құю бекеттерінде (ЖҚС) сату қайта жанданды дегенді білдірмейді. Оны автокөліктерге жанармай ретінде сату бойынша қолданыстағы шектеулер бұрынғысынша күшінде қалады.