Қаулыға сәйкес, инженерлік және IT салаларында кадрлар даярлауға мамандандырылған әл-Хорезми университеті құрылады.

Университет қызметінің негізгі бағыттары мыналар белгіленді, олар:

— математика, аэроғарыштық технологиялар, инженерлік, IT және жасанды интеллект салаларында заманауи білімі мен біліктілігі жоғары білімді кадрларды даярлау;

— әлеуметтік-экономикалық салалардағы бар қажеттіліктерге негізделген ғылыми зерттеулерді жүргізу, сондай-ақ шетелдегі беделді, танылған ғылыми орталықтармен тығыз байланыста болу және студенттерді ғылыми және инновациялық қызметке кеңінен тарту.

— Университетте оқу  үдерісі  2025/2026 оқу жылынан бастап ұйымдастырылып, студенттерді оқыту мемлекеттік және ағылшын тілдерде кредиттік-модульдік жүйе бойынша оқытылатын болады.

— В.И.Романовский атындағы Математика институтының Үргеніш филиалы  Университеті ғимаратында құрылады және әр бір ғылыми қызметкерге студент бекіту тәжірибесі жолға қойылады.

Университетте оқу үдерісін мемлекеттік грант және ақылы-келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.