Президенттің «Дарынды мамандардың шетелде білім алуын қолдап-қуаттау, олардың кәсіби шеберлігін дамыту және ынталандыруға қатысты қосымша іс-шаралар туралы» жарлығына сәйкес, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алуға лайықты кандидаттарды іріктеу мақсатында Өзбекстан Республикасы Президентінің «Эл-юрт умиди» стипендиясы енгізіледі.

 «Эл-юрт умиди» стипендиясының жеңімпаздары ашық байқау негізінде тест сынақтары және сұхбат арқылы анықталады;

тест сынақтарында үміткерлердің интеллектуалдық, талдау және креативтік қабілеттері, психологиялық тұрақтылығы бағаланады.

Бакалавриат және магистратура , докторантура бойынша халықаралық рейтингтік ұйымдардың жаһандық рейтингінің нәтижелері орай:

бірінші жүздікке енгізілген шетелдік жоғары және ғылыми-зерттеу мекемелері білім беру бағдарламалары бойынша оқыту қаражаттары (tuition fee) толық өтелетін грант негізінде қабылданған үміткерлерге «Эл-юрт умиди» қорының стипендиялары байқауларсыз бөлінеді;

бірінші үш жүздікке енгізілген шетелдік жоғары білім және ғылыми-зерттеу мекемелеріне қабылданған үміткерлерге халықаралық транспорт және тұрғын үй құжаттары үшін «Эл-юрт умиди» қорының стипендиялары байқаусыз бөлінеді;

Бірінші жиырмалыққа енгізөілген шетелдік жоғары білім мекемелерінің бакалавриат білім бағдарламалары бойынша оқу қаражаттары (tuition fee)  кемінде 50 пайыз өтелетін грант негізінде қабылданған Президент, шығармашылық және мамандандырылған мектептердің бітірушілеріне «Эл-юрт умиди» қоры степендиялары байқауларсыз бөлінеді.