Шараға қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жалпы 250 мың адам Ватикан алаңына және оның айналасына жиналды.
Салтанатты рәсімнің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін Заң шығару палатасының спикері Н.Исмаилов жаңадан сайланған Рим Папасын құттықтап, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеявтың ыстық сәлемін жеткізді.
Өз кезегінде жаңа Рим Папасы Өзбекстан Басшылығы мен халқына терең алғысын білдірді.
Салтанатты шараға 156 шет елден келген делегациялар, король үйлері мен діни конфессиялардың өкілдері қатысты.