Қаулыға сәйкес, 2025 жылғы 1 июлінен бастап азаматтарға мемлекеттік зейнетақы мен өтемақыларды тағайындаудың мынадай оңайлатылған тәртібі енгізіледі.
азаматтарға І немесе ІІ топтағы мүгедектігі белгіленген зейнеткерлікті жеке өтінішті талап етпей, проактивті түрде тағайындау. Мұнда азаматқа проактив түрде тағайындалған зейнетақыдан бас тарту құқығы беріледі;
көру қабілеті бойынша І топ мүгедектігі болған тұлғаларға және ядро полигондары мен тағы басқа радиация-ядро нысандарында әскери қызметті өтеген тұлғаларға өтемақыларды электронды деректер алмасу негізінде проактивті түрде тағайындау;
Мүгедектік зейнеткелік тағайындалған соң кемінде 1 жыл еңбек өтілі болған жағдайда азаматтың зейнетақы мөлшерінің әр 2 жыл сайын проактивті түрде қайта есептеу.
2025 жылдың 1 октябрьден бастап зейнетақымен қамтуға қатысты және «Халық банкі» АК тарапынан зейнетақыны қолма-қол төлеуге байланысты қызметтері азаматтарды биометриялық идентификациялау (Face-ID) және олардың қолдарын электронды түрде алу арқылы жүзеге асырылатын болады.